• Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық отты құрылғыға
жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды және/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз. Жарылыс немесе
өрт шығу қаупі бар.
• Пісіру алаңын қолданып болғаннан
кейін әрқашан "off" (сөндіру)
қалпына қойыңыз.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе мүлде ыдыссыз
пайдаланбаңыз.
• Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа және
пештің үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
• Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ
құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
• Ыстық ыдысты басқару панеліне
жақын қоймаңыз, себебі қызудың
әсерінен құрылғы бүлінуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасын
бүлдіріп алмас үшін, керек-
жарақтарды алып-салғанда абай
болыңыз.
• Шойыннан, құйма алюминийден
жасалған не түбіне бүлінген ыдысты
әрі-бері сырғытсаңыз, пештің үстіне
сызат түсуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді.
• Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– құрылғының табанына ешбір
затты тура қоймаңыз және оны
алюминий фольгамен жаппаңыз;
– құрылғының ішіне ыстық суды
тура қоймаңыз;
– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Тұмшапештің астыңғы бөлігіне
тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда
тек қызуға төзімді заттарды (егер
болса) ғана қойыңыз.
• Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын жаппаңыз. Олар
тұмшапештің артқы жағының үстін
ала орналасқан (егер бар болса).
• Еріп кетуі мүмкін нәрсені пештің
үстіне қоймаңыз.
• Бетіне сызат түскенін байқасаңыз,
дереу тоқтан ажыратыңыз. Электр
тоғына түсу қаупі бар.
• Қызу өткізгіш материалдарды
(мысалы, жұқа темір тор немесе
металл жалатылған қызу
өткізгіштер) ыдыстың астына
қоймаңыз. Аса көп қызу
шағылысынан, пештің шыны бетіне
нұқсан келуі мүмкін.
• Егер сізде қондырылған
кардиостимулятор болса,
индукциялық пісіру алаңдары жұмыс
істеп тұрғанда, кеудеңізді олардан
кем дегенде 30 см алыс ұстауыңыз
керек.
1.6 Күту менен тазалау
• Жуып-тазалардың алдында
құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.
Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
• Құрылғыны үнемі тазалап отырса,
оның беткі қабаты бүлінбейді.
• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
және мүлікке зиян келтірмеу үшін
құрылғыны тек сабынды сумен
жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе
тот басуына себеп болатын
заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын,
жоғары қысыммен тазалайтын
құралдармен, өткір, түрпілі
тазартқыш заттармен, түрпілі
жөкелермен және дақ
кетіргіштермен тазаламаңыз
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оны өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз. Қыздырғыш
элементтері мен термостат
сенсорына (қолданылатын болса)
ешбір зат бүрікпеңіз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің
ҚАЗАҚ 5