AEG 47036IU-MN Instrukcja obsługi

Typ
Instrukcja obsługi
47036IU KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
PL Instrukcja obsługi 43
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
9. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
11. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
12. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 37
13. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 40
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі
тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс
жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп,
құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.aeg.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын
қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі,
Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.aeg.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан
балалар және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне
нұқсан келген адамдар немесе тәжірибесі немесе
білімі аз адамдар, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның бақылауында болса пайдалана
алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қолжетімді бөлшектері ыстық
болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерін ұстамаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды
пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт
шығуы мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп,
содан кейін жалынды қақпақ немесе өрт басқыш
көрпе тәрізді затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен
тазаламаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз.
Ысып тұрады.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін
артқы жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын әрекеттерді керісінше орындап
салыңыз.
Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің
элементін, ыдыс анықтағышқа сүйенбей, оның
басқару тетігімен сөндіріңіз.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
4
www.aeg.com
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
Назарыңызда болсын!
Құрылғы аударылып кетпес
үшін оны орнықты етіп
орнататын құралдарды
орнатыңыз. Орнату тарауын
қараңыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген
электр сымын ауыстырту үшін
қызмет көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Электр сымдарын құрылғының
есігіне, әсіресе ыстық тұрған есікке
тигізуге болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік
беретін оқшаулағыш құралмен
жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш
құралдың контакт ара қашықтығы
кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
ҚАЗАҚ 5
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі
жағы ысып кетеді. Құрылғының
ішіндегі қыздырғыш элементтерге
қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
немесе ыдыстарды алып-салған
кезде үнемі қолғап киіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны басқару үшін сыртқы
таймерді немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесін қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін үнемі жабық ұстаңыз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Пісіру алаңын болғаннан кейін "off"
(сөндіру) қалпына қойыңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе,
дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл
әрекет электр қатеріне ұшырап
қалуға жол бермейді.
Кардиостимуляторы бар адамдар
құрылғы іске қосылып тұрған кезде
индукциялық пісіру алаңдарынан
кем дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.
Назарыңызда болсын!
Өрт немесе жарылыс шығу
қаупі бар.
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь
қоспасы пайда болуы мүмкін.
Өртті сумен сөндіруге
әрекеттенбеңіз. Құрылғыны
ажыратып, жалынды қақпақпен
немесе көрпемен басыңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
Пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз.
–Алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
6
www.aeg.com
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетіне зақым келуі
мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
Құйылған шойын, алюминий немесе
астына нұқсан келген ыдыстар
шыны керамика бетке сызат түсіруі
мүмкін. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
2.4 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 7
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
21
8
3 4
5
6
7
1
2
3
4
5
1
Тұмшапеш функцияларының тетігі
2
Электронды бағдарламалағыш
3
Температура тетігі
4
Температура индикаторы
5
Қыздырғыш элемент
6
Тұмшапештің шамы
7
Желдеткіш және қыздырғыш
элемент
8
Сөре деңгейлері
3.2 Пісіру алаңдарының көрінісі
210 mm
180 mm
145 mm
180 mm
1 3
6 4
5
2
1
Индукциялық пісіру алаңы 1400
Вт, Қуат функциясы 2500 Вт
2
Бу шығатын саңылау
3
Индукциялық пісіру алаңы 1800
Вт, Қуат функциясы 2800 Вт
4
Индукциялық пісіру алаңы 1800
Вт, Қуат функциясы 2800 Вт
5
Басқару панелі
6
Индукциялық пісіру алаңы 2300
Вт, Қуат функциясы 3600 Вт
3.3 Керек-жарақтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелерді немесе науаларды қоюға
арналған.
Зат сақтау суырмасы
Тұмшапештің астыңғы жағында зат
сақтау суырмасы орналасқан.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Керек-жарақтары мен алмалы сөре
сырғытпаларының барлығын (егер
бар болса) алыңыз.
8
www.aeg.com
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
"Күтіп ұстау және тазалау"
тарауын қараңыз.
4.2 Сенсорлық өріс
Құрылғыны пайдалану үшін
басқару панеліндегі сенсорлық
өрісті кем дегенде 1 секунд
басыңыз.
1s
4.3 Уақытты орнату
Уақытты тұмшапешті іске
қоспай тұрып орнату керек.
Құрылғыны тоққа қосқаннан кейін
немесе тоқ сөнгеннен кейін Тәулік
уақыты функциясының индикаторы
жыпылықтайды.
Дұрыс уақытты орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
Бес секундтай уақыт өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте
орнатылған тәулік уақыты көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін
түймешігін Тәулік уақыты
функциясының индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз. Ұзақтық
немесе
Аяқтау
функциясын бір
мезгілде қатар орнатуға
болмайды.
4.4 Алдын ала қыздыру
Май қалдықтарын жағып жіберу үшін
бос құрылғыны алдын ала
қыздырыңыз.
1.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2.
Құрылғыны бір сағат қосып
қойыңыз.
3.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4.
Құрылғыны он минут қосып
қойыңыз.
5.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6.
Құрылғыны он минут қосып
қойыңыз.
Керек-жарақтар әдеттегіден ыстық
болып кетуі мүмкін. Құрылғыдан иіс
және түтін шығуы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай. Ауаның жеткілікті түрде
айналуын қамтамасыз етіңіз.
ҚАЗАҚ 9
5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Басқару панелінің көрінісі
51 2
3
4
10
89 7
6
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз.
Индикаторлар мен бейнебет қай функцияның жұмыс істейтінін көрсетеді.
Сенсорлық өріс Функция
1
Пештің үстін қосуға және сөндіруге
арналған.
2
Басқару панелін құрсаулайды/
құрсауын ағытады.
3
Пісіру алаңдары таймерінің
индикаторлары
Уақыттың қай пісіру алаңына
орнатылғанын көрсетуге арналған.
4
Таймер бейнебеті Уақытты минут бойынша көрсетуге
арналған.
5
Қуат функциясын қосуға арналған.
6
Қызу параметрінің бейнебеті Қыз параметін көрсетуге арналған.
7
Басқару жолағы Қыз параметрін орнатуға арналған.
8
/
Уақытты көбейтуге немесе азайтуға
арналған.
9
Пісіру алаңын орнатуа арналған.
10
STOP+GO функциясын іске қосуға
және сөндіруге арналған.
5.2 Қыздыру параметрінің бейнебеті
Бейнебет Сипаттама
Пісіру алаңы сөндірулі.
-
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
STOP+GO / Жылы ұстау функциясы жұмыс істейді.
10
www.aeg.com
Бейнебет Сипаттама
Автоматты түрде қыздыру функциясы жұмыс істейді.
Қуат функциясы жұмыс істейді.
+ сан
Ақаулық орын алды.
/ /
OptiHeat Control (үш сатыдан тұратын қалдық қызу
индикаторы): әлі пісіріп жатыр/жылы ұстау/қалдық
қызу.
Қауіпсіздік құралы/Бала қауіпсіздігі құралы жұмыс
істейді.
Пісіру алаңына жарамсыз ыдыс немесе тым кішкене
ыдыс қойылған не ешбір ыдыс қойылмаған.
Автоматты түрде ажыратқыш қосылады.
5.3 Пештің үстін іске қосу
және сөндіру
Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.
5.4 Қызу параметрі
Басқару жолағындағы қажетті қыздыру
параметрін түртіңіз. Қажет болса,
солға немесе оңға өзгертіңіз. Дұрыс
қызу параметрі орнатылмайынша
босатпаңыз. Бейнебетте қыздыру
параметрі көрсетіледі.
5.5 Автоматты түрде қыздыру
Автоматты түрде қыздыру функциясы
қажетті қыздыру параметріне аз
уақытта жетуге көмектеседі. Бұл
функция біраз уақыт (сызбаны
қараңыз) қыздыру параметрінің ең
жоғары мәнін орнатады да, содан
кейін қажетті қыздыру параметріне
дейін түсіреді.
Автоматты түрде қыздыру
функциясын бастау үшін:
1.
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте
жанады.
2.
Қажетті қыздыру параметрін дереу
орнатыңыз. 3 секундтан кейін
бейнебетте
жанады.
3.
Функцияны сөндіру үшін қызу
параметрін өзгертіңіз.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
0
1234567891011121314
5.6 Қуат функциясы
Қуат функциясы индукциялық пісіру
алаңдарына көп қуат береді. Көп
жағдайда Қуат функциясы 10 минут
ішінде іске қосылады. Содан кейін
индукциялық пісіру алаңы автоматты
түрде ең жоғары қызу параметріне
қойылады. Іске қосу үшін
белгісін
түртіңіз. Бейнебетте
жанады.
Функцияны сөндіру үшін қызу
параметрін
- басыңыз.
5.7 Қуатты басқару
Қуатты басқару жүйесі, қуатты
жұптасып тұрған пісіру алаңдарына
бөліп таратады (суретке қараңыз).
Қуатты басқару функциясы жұптағы
пісіру алаңының бірі үшін қуат
параметрін ең үлкен мәнге қояды да,
ҚАЗАҚ 11
екінші пісіру алаңының қуат мәнін
азайтады. Қуаты азайған алаңның
бейнебеті екі деңгейді кезек-кезек
көрсетіп тұрады.
5.8 Таймер
Бұны пісіру алаңын автоматты түрде
сөндіру уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
1.
Пісіру алаңын орнатыңыз.
түймешігін қажетті пісіру
алаңының индикаторы жанғанша,
қайта-қайта басыңыз.
Пісіру алаңын таймерді
орнатпай тұрып таңдау керек.
2.
Пісіру алаңын қыздыру параметрін
орнатыңыз. Бұл параметрді
таймерді іске қосқаннан кейін
орнатуға да болады.
3.
Таймерді іске қосу үшін немесе
орнатылған уақытты өзгерту үшін
пеш үстінің басқару панеліндегі +
немесе - түймешігін түртіңіз. Ең
ұзақ орнатуға болатын уақыт: 99
минут.
Пісіру алаңының индикаторы баяу
жыпылықтайды. Таймер уақытты
кері санай бастайды.
4.
Қалған уақытты қарау үшін
түймешігін қажетті пісіру
алаңының индикаторы жылдам
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз. Бейнебетте қалған
уақыт көрсетіледі.
Таңдалған уақыт аяқталған кезде
00 жыпылықтап, дыбыстық сигнал
естіледі. Пісіру алаңы сөндіріледі.
5.
Сигналды тоқтату үшін
түймешігін түртіңіз.
Таңдалған уақыт аяқталмай
тұрып таймерді сөндіру үшін
пісіру алаңын
арқылы
орнатып, - белгісін түртіңіз.
Қалған уақыт 00-ге дейін кері
саналады. Пісіру алаңының
индикаторы сөнеді.
Таймерді пісіру алаңдары жұмыс
істемей тұрған кезде Минут
операторы ретінде қолдануға болады.
Бұлай істеу үшін пісіру алаңын
орнатып, таймерді іске қосыңыз, бірақ
қыздыру параметрін қоспаңыз.
5.9 "Stop" және "Go"
функциясы
"Stop" және "Go" функциясы пісіру
алаңдарының барлығын ең төменгі
қыздыру параметріне (
) қояды.
Бұл функция таймер функциясын
сөндірмейді.
Осы функцияны іске қосу үшін
белгісін түртіңіз. Бейнебетте
белгісі көрсетіледі.
Осы функцияны сөндіру үшін
белгісін түртіңіз. Бейнебетте
осының алдында орнатылған қызу
параметрі көрсетіледі.
"Stop" және "Go" функциясы
жұмыс істеп тұрғанда қызу
параметрлерін өзгерте
алмайсыз.
5.10 Құлып
Пісіру алаңдары жұмыс істеген кезде
басқару панелін құрсаулауға болады,
бірақ
құрсауланбайды. Ол қызу
параметрінің кездейсоқ өзгеруіне жол
бермейді.
Бұл функция таймер функциясын
сөндірмейді.
1.
Қызу параметрін орнатыңыз.
2.
Осы функцияны іске қосу үшін
белгісін түртіңіз. Бейнебетте
белгісі 4 секунд көрсетіледі.
3.
Осы функцияны сөндіру үшін
белгісін түртіңіз. Бейнебетте
осының алдында орнатылған қызу
параметрі көрсетіледі.
12
www.aeg.com
Құрылғыны сөндірсеңіз,
функция да ажырайды.
5.11 Бала қауіпсіздігінің
құралы
Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ
қосылып кетуіне жол бермейді.
Бала қауіпсіздігі құралын қосу
1.
Пештің үстін іске қосу үшін
түймешігін түртіңіз. Қызу
параметрлерін орнатпаңыз.
2.
белгішесін 4 секунд басыңыз.
Бейнебетте
белгісі көрсетіледі.
Бала қауіпсіздігінің құралы іске
қосылады.
3.
Пештің үстін сөндіру үшін
түймешігін түртіңіз.
Бала қауіпсіздігі құралын ажырату
1.
Пештің үстін іске қосу үшін
түймешігін түртіңіз. Қызу
параметрлерін орнатпаңыз.
2.
белгішесін 4 секунд басыңыз.
Бейнебетте
белгісі көрсетіледі.
3.
Пештің үстін сөндіру үшін
түймешігін түртіңіз.
Бала қауіпсіздігі құралын бір пісіру
циклы үшін ажырата тұру
1.
Пештің үстін іске қосу үшін
түймешігін түртіңіз. Бейнебетте
белгісі көрсетіледі.
2.
белгішесін 4 секунд басыңыз.
3.
Қызу параметрлерін 10 секундқа
жеткізбей орнатыңыз. Пештің үстін
іске қосуға болады.
4.
Пештің үстін сөндірген кезде, бала
қауіпсіздігінің құралы қайта іске
қосылады.
5.12 OptiHeat Control (үш
сатыдан тұратын қалдық қызу
индикаторы)
OptiHeat Control қалдық қызудың
деңгейін көрсетеді (
\ \ ).
Индукциялық пісіру алаңдары тағамды
ыдыстың түбінен тура пісіру үшін
қажетті қызумен қамтамасыз етеді.
Ыдыстың қызуы шыны керамиканы
қыздырады.
Назарыңызда болсын!
Қалдық қызуға күйіп қалу қаупі
бар.
5.13 Автоматты түрде өшіру
Пештің үсті келесі жағдайларда
автоматты түрде сөніп қалады, егер:
Барлық пісіру алаңдары сөндірулі
болса
.
Пештің үстін іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз.
Пеш үстін басқару панеліне бір
нәрсе төгіліп қалса немесе ол 10
секундтан артық (ыдыс, киім т.с.с.)
жабық қалса. Дыбыстық сигнал
естіліп, пештің үсті сөнеді. Заттарды
алыңыз немесе басқару панелін
тазалаңыз.
Пештің үсті қатты қызып кетсе
(мысалы, кәстрөлдің ішіндегісі
сарқылғанша қайнаса). Пештің үстін
қайта іске қоспас бұрын пісіру
алаңын суытып алу керек.
Егер сай келмейтін ыдыс
пайдаланылса. Бейнебетте
белгісі көрсетіледі де, пісіру алаңы 2
минуттан кейін автоматты түрде
сөнеді.
Пісіру алаңын тоқтатпасаңыз
немесе қызу параметрін
өзгертпесеңіз. Біраз уақыттан кейін
(кестеге қараңыз) бейнебетте
белгісі көрсетіледі де, пештің үсті
сөнеді.
Қызу параметрі Сөндіру уақыты
-
6,0 сағ.
-
5,0 сағ.
-
4,0 сағ.
-
1,5 сағ.
ҚАЗАҚ 13
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Индукциялық пісіру
алаңдарына арналған ыдыс-
аяқ
Индукциялық пісіру алаңында
күшті электрмагнитті өріс
ыдыстың ішіндегісін дереу
қыздырады.
Ыдыс-аяқтың материалы
Жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын
темір, табаны көп қабаттан тұратын
ыдыс (өндіруші тарапынан
жарамдылығы көрсетілген).
Жарамсыз: алюминий, мыс, сары
мыс, шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукциялық пісіру алаңына сай
келеді, егер:
Жоғары қызу параметрі орнатылған
пісіру алаңына қойылған су өте
жылдам қайнап кетсе.
Ыдыстың табанына магнит
жабысса.
Ыдыстың табаны барынша
қалың, барынша тегіс болуы
керек.
Ыдыс-аяқтің өлшемдері:
индукциялық пісіру алаңдары,
ыдыс түбінің өлшеміне белгілі
бір шамада автоматты түрде
бейімделеді. Ыдыстың магнитті
табанының өлшемі ең кіші
диаметрден кішкене болмауға
тиіс.
Пісіру алаңы Ыдыстың ең кіші
диаметрі [мм]
Артқы оң жақ —
180 мм
145
Алдыңғы оң
жақ —
180 мм
145
Пісіру алаңы Ыдыстың ең кіші
диаметрі [мм]
Артқы сол жақ
145 мм
125
Алдыңғы сол
жақ —
210 мм
180
6.2 Жұмыс барысындағы
шуылдар
Егер келесі шуыл естілсе:
Сырт-сырт шуыл: ыдыс әр түрлі
материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
Ысқырған дыбыс: бір немесе
бірнеше пісіру алаңдарын жоғары
қуат деңгейлерінде пайдаланғансыз
және ыдыс әр түрлі
материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
Гуілдеу: бір немесе бірнеше пісіру
алаңдарын жоғары қуат
деңгейлерінде пайдаланғансыз.
Шыртылдау: электр тоғы қосылып-
ажыратылады.
Ысылдау, ызыңдау: желдеткіш
жұмыс істейді.
Бұл шуыл түрлері қалыпты жайт және
құрылғының ақаулығына жатпайды.
6.3 Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса,
ыдысқа әрқашан қақпақ
жабыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске
қосыңыз.
6.4 Тамақ пісіру үлгілері
Кестедегі деректер жалпылама нұсқау
ретінде ғана берілген.
14
www.aeg.com
Қызу
пара
метрі
Пайдалану: Уақыт Ақыл-кеңес
1
Піскен тағамды жылы
ұстаңыз.
қажеті
не
орай
Ыдыстың қақпағын
жабыңыз.
1-3 Голланд тұздығы,
балқытылған: сары май,
шоколад, желатин.
5-25
мин
Ара-тұра араластырыңыз.
1-3 Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқалар.
10-40
мин
Ыдыстың қақпағын
жабыңыз.
3-5 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату,
дайын тағамдарды жылыту.
25-50
мин
Кем дегенде күріштен екі
есе көп сұйық қосыңыз,
сүттен жасалған
тағамдарды белгілі бір
уақыт өткеннен кейін
араластырыңыз.
5-7 Буға піскен көкөністер, балық,
ет.
20-45
мин
Бірнеше ас қасық су
қосыңыз.
7-9 Буға піскен картоптар. 20-60
мин
750г картопқа ең көбі ¼ л
су қосыңыз.
7-9 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен
көже пісіру.
60-150
мин
3 литрге дейін су және
құраластар.
9-12 Баппен қуыру: эскалоп,
"кордон блё" бұзау еті, котлет,
риссоль, шұжық, бауыр, майға
қуырылған ұн, жұмыртқа,
құймақ, бауырсақ.
қажеті
не
орай
Орта тұсында аударыңыз.
12-13 Қатты қуыру, қуырылған
картоп, қоң ет, бифштекстер.
5-15
мин
Орта тұсында аударыңыз.
14 Көп мөлшердегі суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру
(гуляш, бұқтырып пісіру), фри.
Қуат функциясы - көп мөлшердегі
суды қыздыруға тамаша жарайтын
функция.
7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Құрылғыны әр пайдаланғаннан кейін
тазалап отырыңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан
таза болсын.
Шыны керамикаға түскен
сызаттар немесе қошқыл
дақтар құрылғының жұмысына
ешқандай әсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1.
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга
ҚАЗАҚ 15
және қант қосылған тағам.
Дереу тазаламасаңыз,
құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін. Шыныға арналған
арнайы қырғышты қолданыңыз.
Қырғышты шыны бетке сүйір
бұрыш жасап қойып, ары-бері
жылжыту арқылы тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде суыған
кезде алыңыз: әк дақтары, су
дақтары, май дақтары,
металдың жылтыраған дақтары.
Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен,
шамалы жуғыш зат қосып
тазалаңыз.
3.
Соңында құрылғыны таза
шүберекпен әбден құрғатыңыз.
8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істегенде, желдеткіш
автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғы салқындағанша жұмыс істеп
тұра береді.
8.2 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
1.
Тұмшапеш функцияларын басқару
тетігін тұмшапеш функциясына
бұраңыз.
2.
Температураны басқару
түймешігін температураға
бұраңыз.
Температура индикаторы жанады
да, құрылғының ішіндегі
температура артады.
3.
Құрылғыны сөндіру үшін
тұмшапеш функцияларының
тетігін бұраңыз да, температура
басқару тетігін Off қалпына
қойыңыз.
8.3 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
Сөндіру
қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Ыстық
желмен пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды бірнеше
сөреге қойып, иістерін сіңірмей қуыру немесе
қуырып-пісіруге арналған. Тұмшапештің
температурасын дәстүрлі жолмен пісіру
температурасынан 20-40 °C төменірек қойыңыз.
Дәстүрлі
пісіру
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру әне қуыру үшін.
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері бір
уақытта іске қосылады.
16
www.aeg.com
Тұмшапеш
функциясы
Қолданылуы
Пицца
параметрі
Пицца, киш немесе бәліш пісіруге арналған.
Тұмшапештің температурасын дәстүрлі жолмен
пісіру температурасынан 20-40 °C төменірек
қойыңыз.
Турбо гриль
Еттің үлкен кесектерін пісіруге арналған. Гриль
элементі мен тұмшапештің желдеткіші бірінен кейін
бірі жұмыс істеп, ыстық ауаны тағамның айналасына
таратады.
Жылдам
гриль жасау
Жалпақ етіп дайындалған тағамдардан көп
мөлшерде гриль дайындауға арналған. Тост
жасауға арналған. Толық гриль элементі жұмыс
істейді.
Жеңіл пісіру
Қалбырда пісіруге және сөреге қойып төмен
температурада кептіруге арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Тұмшапештің
шамы
Тұмшапештің шамын пісіру функциясынсыз
жарықтандыруға арналған.
8.4 Тұмшапештің керек-жарақтарын орнату
Шұңғыл таба мен тұмшапештің
сөресінің жиектері бар.
Бағыттағыш жолдардың
жиектері мен пішімі ыдыстың
сырғып кетуіне жол бермейтін
арнайы құрал болып
табылады.
Тұмшапештің сөресі мен шұңғыл
табаны қатар орнату
Тұмшапеш сөресін шұңғыл табаның
үстіне қойыңыз. Шұңғыл табаны
тұмшапеш деңгейлерінің біріндегі
бағыттағыш жолдарға келтіріп
салыңыз.
Сөре сырғытпаларын орнату
бойынша нұсқауларды кейін
қарап жүру үшін сақтап
қойыңыз.
ҚАЗАҚ 17
8.5 Сөре сырғытпалары - керек-жарақтарын салу
Пісірме табақты немесе қуыру
ыдысын сөре сырғытпасына қойыңыз.
Тұмшапеш сөресінің
биіктетілген жиегі, ыдыс
сырғып кетуге жол бермейтін
қосымша сақтық құралы болып
табылады.
8.6 Тұмшапештің сөресі мен қуыру табасын бірге қою
Тұмшапеш сөресін қуыру табасының
үстіне қойыңыз. Тұмшапештің сөресі
мен қуыру табасын сөре
сырғытпаларына қойыңыз.
18
www.aeg.com
9. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
9.1 Электрондық бағдарламалағыш
hr min
1 2 1
345
1
Функция индикаторлары
2
Уақыт бейнебеті
3
+ түймешігі
4
Таңдау түймешігі
5
- түймешігі
Сағат функциясы Қолданылуы
Тәулік уақыты Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе
тексеруге арналған.
Минут
операторы
Кері санақ уақытын орнатуға арналған. Бұл
функция тұмшапештің жұмысына ешбір әсер
етпейді.
Ұзақтық Құрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға
арналған.
Аяқтау Құрылғыны сөндіру уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық және Аяқтау
функциясын қатар қолданып,
құрылғының іске қосылатын,
содан кейін сөндірілетін
уақытын орната аласыз. Әуелі
Ұзақтық параметрін, содан
кейін Аяқтау уақытын
орнатыңыз.
9.2 Сағат функцияларын
орнату
1.
Ұзақтық және Аяқтау
функциялары үшін
тұмшапеш
функциясы мен температураны
орнатыңыз. Бұл Минут операторы
функциясы үшін қажет емес.
2.
Таңдау түймешігін қажетті сағат
функциясының индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
hr minhr min
3.
Қажетті сағат функциясын орнату
үшін + немесе - түймешігін
басыңыз.
Бейнебетте орнатылған сағат
функциясының индикаторы
көрсетіледі. Орнатылған уақыт
аяқталған кезде индикатор
жыпылықтайды да, дыбыстық
сигнал екі минут естіледі.
Ұзақтық және Аяқтау
функцияларында құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
ҚАЗАҚ 19
4.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
түймешікті басыңыз.
5.
Тұмшапеш функциясының тетігін
және температура тетігін "off"
(сөндірулі) қалпына қойыңыз.
9.3 Сағат функцияларын
біржола тоқтату
1.
Таңдау түймешігін қажетті
функцияның индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2.
- түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше
секундтан кейін сөнеді.
10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура мен
пісіру уақыттары тек нұсқау
ретінде беріледі. Олар
рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Өте сулы қоспадан жасалған
тортты пісіру үшін шұңғыл
табақты қолданыңыз. Жемістің
шырыны эмаль қаптамаға
кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.
10.1 Пісіру
Жалпы нұсқаулар
Жаңа тұмшапешіңіз бұрыңғы
құрылғыларыңызға қарағанда
басқаша пісіруі немесе қуыруы
мүмкін. Әдетте қолданатын
параметрлеріңізді (температура,
пісіру уақыттары) және сөре
деңгейлерін кестедегі мәндерге сай
келтіріңіз.
Пісіру уақыты ұзақ болса, қалдық
қызуды пайдалану үшін тұмшапеш
пісірудің соңына дейін шамамен 10
минут уақыт қалғанда сөнуі мүмкін.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
пештің табақтары майысып қалуы
мүмкін. Табақтар суыған кезде
майысқаны қалпына келеді.
Пісіру кестелерін қалай қолдану керек
Бірінші рет қолданған кезде
төменірек температураны
пайдалануға кеңес береміз.
Арнайы рецептіге сай келетін
параметрлерді таба алмасаңыз,
соған ұқсас параметрлерді іздеңіз.
Бірнеше деңгейге қойылған
торттарды пісірген кезде пісіру
уақыттары 10-15 минутқа созылуы
мүмкін.
Кекстер мен пісірілген нандар
басында әр түрлі биіктікте бірдей
қызармауы мүмкін. Бұл жағдай орын
алса, температура параметрін
өзгертпеңіз. Айырмашылықтар
пісіру барысында бір деңгейге
келеді.
10.2 Пісіруге қатысты кеңестер
Пісіру нәтижелері Ықтимал себебі Шешімі
Торттың асты жеткілікті
түрде қызармайды.
Сөренің деңгейі дұрыс
таңдалмаған.
Тортты төменірек
қойыңыз.
20
www.aeg.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84

AEG 47036IU-MN Instrukcja obsługi

Typ
Instrukcja obsługi