IM017
www.scarlett.ru SC-AH986E05
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.
Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол уәкілеттік
берген сервис орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Қоректену бауынан тартпаңыз, оны ширатпаңыз және құрылғының тұлғасын айнала орамаңыз.
Егер құрал желіге қосылған болса, бу жіберуге арналған тесік арқылы қалған суды төкпеңіз.
Дымдаушыны тазалау барысында құралдың ішкі бөліміне су тигізбеңіз – бұл оны істен шығаруы мүмкін.
Құралды қосқан кезде ультрадыбыстық түрлендіргішке тимеңіз.
Дымдаушыны тек қана резервуарда су бар кезде ғана қосыңыз. Тұлға деформацияланып немесе өңі
өзгермеуі үшін резервуарға құюға және жууға температурасы 40
0
С жоғары суды қолданбаңыз.
Дымдаушыны жылжытқанда қасындағы суға арналған резервуарды ұстап, тек қана табанынан алыңыз.
Тозаңдатқыш арқылы су құймаңыз.
Тұлғадағы резервуар мен су беретін түтікшеге металлдар және химиялық заттардың түсуін мүмкін етпеңіз.
Резервуарда судың қатуын мүмкін етпеңіз.
Құрал жұмыс істеген уақытта суға арналған резервуарды шығармаңыз.
Егер құрал желіге қосылған болса, резервуардағы барлық суды төкпеңіз. Әйтпесе ультрадыбыс
түрлендіргіші істен шығады.
Дымдаушыны жиһазға және электр аспаптарына тікелей жақын орналастырмаңыз,сонымен қатар оны
желдету тесіктерінің жанына қондырмаңыз.
Егер бұйым ұзақ уақыт < 0ºC температурада болса, қосудың алдында оны кемінде 2 сағат бөлмелік
жағдайда ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ: аспапқа су толтырған және оны тазалаған кезде желіден ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Іске пайдалану кезінде маңайдағы заттарда ақ түсті өңез түзілуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай,
оған судың құрамындағы тұздардың үлкен мөлшері себеп болады, мұндай жағдайда ылғалдағыш сауытына
су толтырардың алдында қосымша сүзгілеуді пайдалануды ұсынамыз.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ЖҰМЫСЫ
Аспап үй-жайдағы ауаны ылғалдандыруға арналған.
Құрылғыны тегіс, құрғақ бетке қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Резервуарды сумен толтырмас бұрын, құрылғыны өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз.
Резервуарды алып, қақпағын бұрап алыңыз, таза су құйып, қақпағын берік бұрап салыңыз.
Су резервуарының сыйымдылығы 2,3 л.
Резервуардың бетін жұмсақ матамен құрғатып сүртіңіз.
Резервуарды табанына орнатыңыз.
Құрылғыны электр желісіне қосыңыз.
Қосу
Ылғалдандырғышты қосу үшін сол жақ түймені (қосу және ылғалдандырғыш қарқындылығын реттеу
түймесін) 1 минут басып тұрыңыз.
Таймерді реттеу
Ылғалдандырғыш жұмысының уақытын (1 - 12 сағат) орнату үшін, таймердің реттеу түймесін қажетінше
бірнеше рет қатарынан басыңыз. Таңдалған уақыт дисплейде пайда болады.
Ылғалдандырғыш қарқындылығын реттеу
Ылғалдандырғыш қарқындылығын реттеу үшін, оны қосқаннан кейін сол жақ түймені қажетінше бірнеше рет
басу қажет. Дисплейде таңдалған (1 -3) қарқындылық деңгейі көрсетіледі.
Аромафункция
Резервуарды табанына орнатпас бұрын және құрылғыны қосар алдында аромакапсулаға эфир майының
бірнеше тамшысын тамызыңыз.
Құрылғыны жоғарыда сипатталғандай қосыңыз.
Майдың буы судың буымен қосылып, бөлмеңізді сіз таңдаған хош иіске бөлейді.
Су деңгейінің индикаторы
Су деңгейі төмен болғанда, құрылғы автоматты түрде өшеді және дисплейдегі су деңгейінің индикаторы
қызыл түспен жанады, бұл резервуарға су құю қажеттігін білдіреді.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Тазалаудың алдында құралды қоректену жүйесінен әрқашан ажыратып тастаңыз.
СУҒА АРНАЛҒАН РЕЗЕРВУАРДЫ ЖӘНЕ (ӘРБІР ЕКІ-ҮШ АПТА ЖҰМЫСЫТАН КЕЙІН).
Суға арналған резервуарды шығарыңыз, оны төңкеріңіз.
Қақпақты бұрап алыңыз.
Жұмсақ матамен сүртіңіз және су қақпақшасын жуыңыз.
Резервуарды жылы сумен шайыңыз (40
0
C жоғары емес).