IM022
www.scarlett.ru SC-AH986E09
Егер құрал желіге қосылған болса, резервуардағы барлық
суды төкпеңіз. Әйтпесе ультрадыбыс түрлендіргіші істен
шығады.
Дымдаушыны жиһазға және электр аспаптарына тікелей
жақын орналастырмаңыз,сонымен қатар оны желдету
тесіктерінің жанына қондырмаңыз.
Егер бұйым ұзақ уақыт < 0 ºC температурада болса,
қосудың алдында оны кемінде 2 сағат бөлмелік жағдайда
ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ: аспапқа су толтырған және оны тазалаған кезде
желіден ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Іске пайдалану кезінде маңайдағы заттарда ақ
түсті өңез түзілуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай, оған судың
құрамындағы тұздардың үлкен мөлшері себеп болады,
мұндай жағдайда ылғалдағыш сауытына су толтырардың
алдында қосымша сүзгілеуді пайдалануды ұсынамыз.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе
құжаттамада, XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап
шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСЫ
Аспап үй-жайдағы ауаны ылғалдауға арналған.
Аспапты тегіс, құрғақ беткі қабатқа қойыңыз.
ЕСКЕРТУ! Сауытқа су құярдың алдында аспапты өшіріп, электр қуаты желісінен ажырату
керек.
Сауытты алыңыз да, сүзгіні бұрап ағытыңыз, таза су құйып, сүзгі ұстатқышты мықтап
бұраңыз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Аспап құбыр суын пайдалануға шақталып жасалған. Алайда, әсіресе
егер құбыр суы тым кермек болса, тазартылған судан құйған дұрыс. Егер құбыр суы тым
кермек болса, тек дистилденген немесе минералдардан арылған судан ғана құйыңыз.
Су деңгейі шәкіліне қарап таза су құйыңыз.
Қақпағын тығыздап бұраңыз.
Сауыттың сыртқы бетін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Сауытты тұғырына орнатыңыз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Іске қосу
Ауа ылғалдағышты іске қосу немесе өшіру үшін сенсорлы тақтадағы түймесін
басыңыз.
Таймердің параметрлерін орнату
Ылғалдағыштың жұмыс уақытын (1 сағаттан 12 сағатқа дейін) орнату үшін түймесін
басыңыз.
Ылғалдағыштың параметрлері
Дисплейде үй ішіндегі температура, бу жылдамдығының қазіргі мәні және таймер режимі
көрсетіледі