Ақыл-кеңес
Сөре сырғытпалары шешуші роль
атқармайды, дегенмен сөрелердің
дұрыс таратылып орнатылғанын
қадағалаңыз.
Желдеткішті пеште бірден көп тағам
пісірген кезде, тағамдардың барлығын
бір сөреге қойғаннан гөрі, әрбір сөренің
ортасына таратып қойғаныңыз дұрыс.
Тағам толы пеш үшін пісіру уақытын сәл
созу қажет болуы мүмкін.
Сөрені пештің табанына қоюға болады.
Тағамдарды пештің табанына
орналастырудың орнына, тағам
айналасындағы ауа айналымын
жақсарту үшін сөреге осылай
орналастырыңыз.
Пешке біртекті тағамды толтыра салған
кезде, мысалы бірдей кішкене торттар не
біркелкі "Виктория" сэндвич торттарын
салған кезде, бұлардың барлығы да
біркелкі піседі де, пештен бір уақытта
алынады. Үлкендігі әртүрлі табаны
қолданғанда не әртүрлі тағам түрлерін,
мысалы печенье не торт түрлерін
пісірген кезде, бұлардың барлығы
міндетті түрде бір уақытта пісуге тиіс
емес.
Желдеткішті пешті мысалы, жеміс
тарталеткасы, мейізі бар бәліш, шұжық
не ет қосылған пирожок және басқа
кішкене кондитер өнімдерін алдын ала
жібітпестен қыздыру үшін пайдалануға
болады. 190 - 200
°
C температураны
пайдаланыңыз да, 20-40
минуттай(пештегі тағамның мөлшеріне
қарай)қыздырыңыз.
Температуралар тек жалпылама ұсыныс
ретінде ғана берілген. Температураны
жеке талаптарыңыз бен қалауыңызға
сай көбейтіп не азайту қажет болуы
мүмкін.
Ыдыстардың пісіру нәтижесіне тигізер
әсері
Ыдыстар мен қалбыр сауыттардың
қалыңдығы, жылу өткізгіштігі, түсі, т.б.
қасиеттері әртүрлі әрі олар жылудың
ыдыс ішіндегі тағамға өтуіне әсер етеді:
1. Алюминий, керамика, пеште
қолданылатын шыны ыдыстар және
жылтырақ ыдыстар тағамды тездетіп
пісіреді және оның түп жағын да
тезірек қызартады.
2. Сырлы шойын, анодталған
алюминий, іші зат жабыспайтын
материалмен қапталған алюминий
және сырты боялған, сондай-ақ түсі
баран және ауыр ыдыстар тағамды
баяу пісіреді және түп жағын да баяу
қызартады.
Гриль
Назарыңызда болсын! Грильдеу
кезінде құрылғының қол жетер
жердегі бөліктері қызып кетеді және
пешті байқаусыз қалдырмаған жөн.
Балалардың пешке жақын ойнауына
жол бермеңіз. Пеш қолданылып
тұрғанда ысып кетеді. Пештің
ішіндегі қыздырғыш элементтерге
қол тигізуден сақ болыңыз.
Бұл функция үшін қажетті максимум
температура 230
º
C.
Майдың үлкендігі, салмағы, көлемі, тіпті
еттің бастапқы температурасы да пісіру
нәтижесі мен гриль арқылы пісіру
үрдісінің ұзақтығына әсер етеді. Балық,
құс еті, бұзау және шошқа еті, сиыр және
аң еті тәрізді қаралтым еттердей
қызарып піспейді. Көкөніс майы және/не
дәмдеуіштер арқылы да түсін жақсартуға
болады, бірақ бұл еттің күйіп кету қаупін
де ұлғайтады.
Пісіру нәтижесін жақсарту үшін тағамды
тоңазытқыштан алған бетте
грильдемеңіз. Етті құрғатыңыз да пеш
сөресіне қойып, дәмдеуіштер қосып дәм-
татымын келтіріңіз. Қаңылтырмен
жақсылап қапталған пеш ыдысын аққан
май тәрізді заттарды жинап алу үшін
сөренің астына қойыңыз. Шошқа етінің
кесектері, стейк және балықты
жоғарырақ қойып грильдеу керек болса,
жеке-жеке қабырғалардың қалың етін
төменірек қойып грильдеген жөн.
8 electrolux