Aeg-Electrolux 47036IU-MN Instrukcja obsługi

Typ
Instrukcja obsługi
47036IU
KK ПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
PL KUCHENKA INSTRUKCJA OBSŁUGI 40
МАЗМҰНЫ
4 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
7 БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
8 БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
9 ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
13 ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
15 ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
16 ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
17 ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
18 ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
20 ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
33 ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
36 НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
38 ОРНАТУ
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын
қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз
үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТҚА БАРЫП КЕЛЕСІНІ ҚАРАҢЫЗ:
- Өнімдер
- Кітапшалар
- Пайдаланушы нұсқаулықтары
- Ақаулықты түзету
- Өнімдер
www.aeg.com
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
Ескерту - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.aeg.com
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық
техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын
құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін
толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін
қамтамасыз етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары стандартқа сай жасалған
керек-жарақтардың ішінен арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары салынатын
себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді
заттардың барлығын таба аласыз...
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз фирмалық бөлшектерді қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, келесі деректер қолыңызда болуға тиіс.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Үлгі
Өнім нөмірі
Сериялық нөмірі
ҚАЗАҚ
3
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті құрылғыны
сатсаңыз да, көшірсеңіз де, онымен бірге
қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар
мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне
зақым келген адамдар не тәжірибесі аз
адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы бойынша немесе
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша
берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінген жағдайда қолдануына
болады. Балалар құрылғымен ойнамауға
тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу
немесе жарақат алу қаупі бар.
Балалар мен үй жануарларын есігі ашық
тұрған немесе жұмыс істеп тұрған
құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу
немесе кемтар болып қалу қаупі бар.
Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не
түймешікті құрсаулау тетігі болса, соны
қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй
жануарларының құрылғыны байқаусызда
іске қосуына жол бермейді.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
АҚПАРАТ
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу
немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін әрдайым
құрылғыны өшіріңіз.
ОРНАТУ
Осы құрылғыны лайықтау жағдайлары
затбелгіде (немесе деректер
тақташасында) жазылған.
Құрылғыны тек білікті техник орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне
немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса,
сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан
бұрын барлық орамдарын, жапсырмалары
мен төсемдерін алыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасын алмаңыз. Бұл
кепілдікті заңды күшінен айырады.
Құрылғы қолданылатын елдегі заңдарды,
жарлықтарды, нұсқаулар мен талаптарды
(қауіпсіздік ережелері, қайта пайдалану
ережелері, электр немесе газ қауіпсіздігі
ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғыны орнату барысында оның қуат
көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз
(егер қажет болса).
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
Құрылғыны тек білікті электрші орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне
немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
4
www.aeg.com
Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар болуға
тиіс: желіні қорғайтын ажыратқыштар,
сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған
бұрандалы сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электрлік қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны барлық
магниттік полюстерде желіден ажыратуға
мүмкіндік береді. Оқшаулағыш құрылғының
ені кем дегенде 3 мм түйіспе саңылауы
болуға тиіс.
Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер құралсыз
ажыратуға болмайтында етіп орнатылуға
тиіс.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан
кезде, қорек сымдарын құрылғының ыстық
есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар
мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. Өрт
шығу қаупі бар.
Құрылғының арт жағындағы электр ашасы
(егер қолданылса) мен қорек сымының
жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан (егер
болса) тартып ажыратыңыз.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана
пайдаланыңыз. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
Бұл адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін қажет.
Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін,
әрқашан құрылғыдан алыс тұрып ашыңыз.
Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп қалу қаупі
бар.
Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен іске
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру
алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Пісіру алаңына темір заттарды, мысалы ас
құралдары мен кәстрөл қақпақтарын
қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші
ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керек-
жарақтары мен кәстрөлдерді алып-салған
кезде қолғап киіңіз.
Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып
тұрады. Қыздырғыш элементтерге қолыңыз
тиіп кетпес үшін абай болыңыз. Жас
балаларды үнемі қадағалап отырмасаңыз
құрылғыдан алыс ұстау керек.
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен алкоголь
қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу
қаупі бар.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық
отты құрылғыға жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды және/
немесе балқығыш заттарды (пластмасса
немесе алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі
бар.
Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін
әрқашан "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа және пештің
үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ құласа,
оны бүлдіруі мүмкін.
Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын
қоймаңыз, себебі қызудың әсерінен
құрылғы бүлінуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп
алмас үшін, керек-жарақтарды алып-
салғанда абай болыңыз.
Шойыннан, құйма алюминийден жасалған
не түбіне бүлінген ыдысты әрі-бері
сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат түсуі
мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
ҚАЗАҚ
5
құрылғының табанына ешбір затты тура
қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш
заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана
қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын саңылауларын
жаппаңыз. Олар тұмшапештің артқы
жағының үстін ала орналасқан (егер бар
болса).
Еріп кетуі мүмкін нәрсені пештің үстіне
қоймаңыз.
Бетіне сызат түскенін байқасаңыз, дереу
тоқтан ажыратыңыз. Электр тоғына түсу
қаупі бар.
Қызу өткізгіш материалдарды (мысалы,
жұқа темір тор немесе металл жалатылған
қызу өткізгіштер) ыдыстың астына
қоймаңыз. Аса көп қызу шағылысынан,
пештің шыны бетіне нұқсан келуі мүмкін.
Егер сізде қондырылған кардиостимулятор
болса, индукциялық пісіру алаңдары жұмыс
істеп тұрғанда, кеудеңізді олардан кем
дегенде 30 см алыс ұстауыңыз керек.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Жуып-тазалардың алдында құрылғының
суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі
бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам қалдықтары
өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның
беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және
мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны тек
сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш
заттарды немесе тот басуына себеп
болатын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдармен, өткір,
түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі
жөкелермен және дақ кетіргіштермен
тазаламаңыз
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен термостат
сенсорына (қолданылатын болса) ешбір зат
бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе
металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы
немесе шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе,
босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды
міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған. Оларды
бөлмені жартылай немесе толықтай
жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты
дәл осындай, тұрмыстық құрылғыларға
арналған шамды ғана қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында
құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Электр тоғына түсу қаупі бар. Құрылғы
суығанша күтіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
Тек уәкілетті техниктің ғана құрылғыны
жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты
орындауына болады. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін:
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл
кішкентай балалардың немесе үй
жануарларының құрылғының ішіне кіріп,
қамалып қалуына жол бермейді.
Тұншығып қалу қаупі бар.
6
www.aeg.com
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ
21
8
3 4
5
6
7
1
2
3
4
5
1
Тұмшапеш функцияларының тетігі
2
Электронды бағдарламалағыш
3
Температура тетігі
4
Температура индикаторы
5
Қыздырғыш элемент
6
Тұмшапештің шамы
7
Желдеткіш және қыздырғыш элемент
8
Сөре деңгейлері
ПІСІРУ АЛАҢДАРЫНЫҢ КӨРІНІСІ
2
210 mm
180 mm
140 mm
180 mm
1 3
6 4
5
1
Индукциялық пісіру алаңы 1400 Вт, Қуат
функциясы 2500 Вт
2
Бу шығатын саңылау
3
Индукциялық пісіру алаңы 1800 Вт, Қуат
функциясы 2800 Вт
4
Индукциялық пісіру алаңы 1800 Вт, Қуат
функциясы 2800 Вт
5
Басқару панелі
6
Индукциялық пісіру алаңы 2300 Вт, Қуат
функциясы 3600 Вт
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға
арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын
таба ретінде қолдануға арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелерді немесе науаларды қоюға
арналған.
Зат сақтау суырмасы
Тұмшапештің астыңғы жағында зат сақтау
суырмасы орналасқан.
ҚАЗАҚ
7
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын
қараңыз.
АЛҒАШҚЫ ТАЗАЛАУ
Керек-жарақтары мен алмалы сөре
сырғытпаларының барлығын (егер бар
болса) алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында
тазалаңыз.
"Күтіп ұстау және тазалау" тарауын
қараңыз.
УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
Уақытты тұмшапешті іске қоспай
тұрып орнату керек.
Құрылғыны тоққа қосқаннан кейін немесе тоқ
сөнгеннен кейін таймер функциясының
индикаторы жыпылықтайды.
Дұрыс уақытты орнату үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
Бес секундтай уақыт өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте орнатылған
тәулік уақыты көрсетіледі.
Уақытты өзгерткен кезде Ұзақтық
немесе Аяқтау функциясын қатар
орнатпау керек.
АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ
Май қалдықтарын жағып жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2.
Құрылғыны бір сағат қосып қойыңыз.
3.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4.
Құрылғыны он минут қосып қойыңыз.
5.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6.
Құрылғыны он минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар әдеттегіден ыстық болып
кетуі мүмкін. Құрылғыдан иіс және түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауаның
жеткілікті түрде айналуын қамтамасыз етіңіз.
8
www.aeg.com
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын
қараңыз.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІНІҢ КӨРІНІСІ
51 2
3
4
10
89 7
6
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Индикаторлар, бейнебеттер
және дыбыстық сигналдар қай функцияның жұмыс жасайтынын көрсетеді.
Сенсорлық алаң Функция
1
Пештің үстін іске қосады немесе сөндіреді.
2
Қауіпсіздік құралын немесе бала қауіпсіздігі
құралын іске қосады немесе сөндіреді.
3
Пісіру алаңдарына арналған
таймер индикаторлары
Уақыттың қай пісіру алаңы үшін
орнатылғанын көрсетеді.
4
Таймер бейнебеті Уақытты минут бойынша көрсетеді.
5
Қуат функциясын қосады.
6
Қыздыру параметрінің бейнебеті Қыздыру параметрін көрсетеді.
7
Басқару жолағы Қыздыру параметрінің мәнін көбейтеді
немесе азайтады.
8
/
Уақытты көбейтуге немесе азайтуға
арналған.
9
Пісіру алаңын таңдауға арналған.
10
"Stop" және "Go" функциясын қосуға немесе
сөндіруге арналған.
ҚЫЗДЫРУ ПАРАМЕТРІНІҢ БЕЙНЕБЕТІ
Бейнебет Сипаттама
Пісіру алаңы сөніп тұр.
-
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
"Stop" және "Go" функциясы қосулы.
Автоматты қыздыру функциясы қосулы тұр.
ҚАЗАҚ
9
Бейнебет Сипаттама
Қуат функциясы қосулы.
+ сан
Ақаулық орын алды.
/ /
OptiHeat Control (үш сатыдан тұратын қалдық қызу
индикаторы): әлі пісіріп жатыр/жылы ұстау/қалдық қызу.
Қауіпсіздік құралы/Бала қауіпсіздігінің функциясы қосулы.
Пісіру алаңына сай келмейтін немесе тым кішкене ыдыс
қойылған немесе ешбір ыдыс қойылмаған.
Автоматты түрде ажыратқыш қосулы тұр.
ПЕШТІҢ ҮСТІН ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ
СӨНДІРУ
Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.
ҚЫЗУ ПАРАМЕТРІ
Басқару жолағындағы қажетті қыздыру
параметрін түртіңіз. Қажет болса, солға
немесе оңға өзгертіңіз. Дұрыс қызу параметрі
орнатылмайынша босатпаңыз. Бейнебетте
қыздыру параметрі көрсетіледі.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚЫЗДЫРУ
Автоматты түрде қыздыру функциясы қажетті
қыздыру параметріне аз уақытта жетуге
көмектеседі. Бұл функция біраз уақыт
(сызбаны қараңыз) қыздыру параметрінің ең
жоғары мәнін орнатады да, содан кейін
қажетті қыздыру параметріне дейін түсіреді.
Автоматты түрде қыздыру функциясын бастау
үшін:
1.
түймешігін басыңыз. Бейнебетте
жанады.
2.
Қажетті қыздыру параметрін дереу
орнатыңыз. 3 секундтан кейін бейнебетте
жанады.
3.
Функцияны сөндіру үшін қызу параметрін
өзгертіңіз.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
0
1234567891011121314
ҚУАТ ФУНКЦИЯСЫ
Қуат функциясы индукциялық пісіру
алаңдарына көп қуат береді. Көп жағдайда
Қуат функциясы 10 минут ішінде іске
қосылады. Содан кейін индукциялық пісіру
алаңы автоматты түрде ең жоғары қызу
параметріне қойылады. Іске қосу үшін
белгісін түртіңіз. Бейнебетте жанады.
Функцияны сөндіру үшін қызу параметрін
-
басыңыз.
ҚУАТТЫ БАСҚАРУ
Қуатты басқару жүйесі, қуатты жұптасып
тұрған пісіру алаңдарына бөліп таратады
(суретке қараңыз). Қуатты басқару функциясы
жұптағы пісіру алаңының бірі үшін қуат
параметрін ең үлкен мәнге қояды да, екінші
пісіру алаңының қуат мәнін азайтады. Қуаты
азайған алаңның бейнебеті екі деңгейді кезек-
кезек көрсетіп тұрады.
10
www.aeg.com
ТАЙМЕР
Бұны пісіру алаңын автоматты түрде сөндіру
уақытын орнату үшін қолданыңыз.
1.
Пісіру алаңын орнатыңыз. түймешігін
қажетті пісіру алаңының индикаторы
жанғанша, қайта-қайта басыңыз.
Пісіру алаңын таймерді орнатпай
тұрып таңдау керек.
2.
Пісіру алаңын қыздыру параметрін
орнатыңыз. Бұл параметрді таймерді іске
қосқаннан кейін орнатуға да болады.
3.
Таймерді іске қосу үшін немесе
орнатылған уақытты өзгерту үшін пеш
үстінің басқару панеліндегі + немесе -
түймешігін түртіңіз. Ең ұзақ орнатуға
болатын уақыт: 99 минут.
Пісіру алаңының индикаторы баяу
жыпылықтайды. Таймер уақытты кері
санай бастайды.
4.
Қалған уақытты қарау үшін түймешігін
қажетті пісіру алаңының индикаторы
жылдам жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз. Бейнебетте қалған уақыт
көрсетіледі.
Таңдалған уақыт аяқталған кезде 00
жыпылықтап, дыбыстық сигнал естіледі.
Пісіру алаңы сөндіріледі.
5.
Сигналды тоқтату үшін түймешігін
түртіңіз.
Таңдалған уақыт аяқталмай тұрып
таймерді сөндіру үшін пісіру алаңын
арқылы орнатып, - белгісін
түртіңіз. Қалған уақыт 00-ге дейін кері
саналады. Пісіру алаңының
индикаторы сөнеді.
Таймерді пісіру алаңдары жұмыс істемей
тұрған кезде Минут операторы ретінде
қолдануға болады. Бұлай істеу үшін пісіру
алаңын орнатып, таймерді іске қосыңыз, бірақ
қыздыру параметрін қоспаңыз.
"STOP" ЖӘНЕ "GO" ФУНКЦИЯСЫ
"Stop" және "Go" функциясы пісіру
алаңдарының барлығын ең төменгі қыздыру
параметріне (
) қояды.
Бұл функция таймер функциясын сөндірмейді.
Осы функцияны іске қосу үшін
белгісін
түртіңіз. Бейнебетте
белгісі көрсетіледі.
Осы функцияны сөндіру үшін белгісін
түртіңіз. Бейнебетте осының алдында
орнатылған қызу параметрі көрсетіледі.
"Stop" және "Go" функциясы жұмыс
істеп тұрғанда қызу параметрлерін
өзгерте алмайсыз.
ҚҰЛЫП
Пісіру алаңдары жұмыс істеген кезде басқару
панелін құрсаулауға болады, бірақ
құрсауланбайды. Ол қызу параметрінің
кездейсоқ өзгеруіне жол бермейді.
Бұл функция таймер функциясын сөндірмейді.
1.
Қызу параметрін орнатыңыз.
2.
Осы функцияны іске қосу үшін
белгісін түртіңіз. Бейнебетте белгісі 4
секунд көрсетіледі.
3.
Осы функцияны сөндіру үшін белгісін
түртіңіз. Бейнебетте осының алдында
орнатылған қызу параметрі көрсетіледі.
Құрылғыны сөндірсеңіз, функция да
ажырайды.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ
Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ қосылып
кетуіне жол бермейді.
Бала қауіпсіздігі құралын қосу
1.
Пештің үстін іске қосу үшін түймешігін
түртіңіз. Қызу параметрлерін орнатпаңыз.
2.
белгішесін 4 секунд басыңыз.
Бейнебетте
белгісі көрсетіледі. Бала
қауіпсіздігінің құралы іске қосылады.
3.
Пештің үстін сөндіру үшін түймешігін
түртіңіз.
Бала қауіпсіздігі құралын ажырату
1.
Пештің үстін іске қосу үшін түймешігін
түртіңіз. Қызу параметрлерін орнатпаңыз.
ҚАЗАҚ
11
2.
белгішесін 4 секунд басыңыз.
Бейнебетте
белгісі көрсетіледі.
3.
Пештің үстін сөндіру үшін түймешігін
түртіңіз.
Бала қауіпсіздігі құралын бір пісіру циклы үшін
ажырата тұру
1.
Пештің үстін іске қосу үшін түймешігін
түртіңіз. Бейнебетте
белгісі
көрсетіледі.
2.
белгішесін 4 секунд басыңыз.
3.
Қызу параметрлерін 10 секундқа
жеткізбей орнатыңыз. Пештің үстін іске
қосуға болады.
4.
Пештің үстін сөндірген кезде, бала
қауіпсіздігінің құралы қайта іске
қосылады.
OPTIHEAT CONTROL (ҮШ
САТЫДАН ТҰРАТЫН ҚАЛДЫҚ
ҚЫЗУ ИНДИКАТОРЫ)
OptiHeat Control қалдық қызудың деңгейін
көрсетеді (
\ \ ). Индукциялық пісіру
алаңдары тағамды ыдыстың түбінен тура
пісіру үшін қажетті қызумен қамтамасыз етеді.
Ыдыстың қызуы шыны керамиканы
қыздырады.
Назарыңызда болсын!
Қалдық қызуға күйіп қалу қаупі бар.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨШІРУ
Пештің үсті келесі жағдайларда автоматты
түрде сөніп қалады, егер:
Барлық пісіру алаңдары сөндірулі болса
.
Пештің үстін іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз.
Пеш үстін басқару панеліне бір нәрсе
төгіліп қалса немесе ол 10 секундтан артық
(ыдыс, киім т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық
сигнал естіліп, пештің үсті сөнеді. Заттарды
алыңыз немесе басқару панелін тазалаңыз.
Пештің үсті қатты қызып кетсе (мысалы,
кәстрөлдің ішіндегісі сарқылғанша
қайнаса). Пештің үстін қайта іске қоспас
бұрын пісіру алаңын суытып алу керек.
Егер сай келмейтін ыдыс пайдаланылса.
Бейнебетте
белгісі көрсетіледі де, пісіру
алаңы 2 минуттан кейін автоматты түрде
сөнеді.
Пісіру алаңын тоқтатпасаңыз немесе қызу
параметрін өзгертпесеңіз. Біраз уақыттан
кейін (кестеге қараңыз) бейнебетте
белгісі көрсетіледі де, пештің үсті сөнеді.
Қызу параметрі Сөндіру уақыты
-
6,0 сағ.
-
5,0 сағ.
-
4,0 сағ.
-
1,5 сағ.
12
www.aeg.com
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын
қараңыз.
ИНДУКЦИЯЛЫҚ ПІСІРУ
АЛАҢДАРЫНА АРНАЛҒАН ЫДЫС-
АЯҚ
Индукциялық пісіру алаңында күшті
электрмагнитті өріс ыдыстың
ішіндегісін дереу қыздырады.
Ыдыс-аяқтың материалы
Жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір,
табаны көп қабаттан тұратын ыдыс
(өндіруші тарапынан жарамдылығы
көрсетілген).
Жарамсыз: алюминий, мыс, сары мыс,
шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукциялық пісіру алаңына сай келеді,
егер:
Жоғары қызу параметрі орнатылған пісіру
алаңына қойылған су өте жылдам қайнап
кетсе.
Ыдыстың табанына магнит жабысса.
Ыдыстың табаны барынша қалың,
барынша тегіс болуы керек.
Ыдыс-аяқтің өлшемдері: индукциялық
пісіру алаңдары, ыдыс түбінің
өлшеміне белгілі бір шамада
автоматты түрде бейімделеді. Бірақ
ыдыс табанының магнитті бөлігінің
диаметрі, пісіру алаңының өлшемінің
шамамен 3/4 мөлшеріндей болуға
тиіс.
ЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ
ШУЫЛДАР
Егер келесі шуыл естілсе:
Сырт-сырт шуыл: ыдыс әр түрлі
материалдардан жасалған (көп қатпарлы
құрылма).
Ысқырған дыбыс: бір немесе бірнеше пісіру
алаңдарын жоғары қуат деңгейлерінде
пайдаланғансыз және ыдыс әр түрлі
материалдардан жасалған (көп қатпарлы
құрылма).
Гуілдеу: бір немесе бірнеше пісіру
алаңдарын жоғары қуат деңгейлерінде
пайдаланғансыз.
Шыртылдау: электр тоғы қосылып-
ажыратылады.
Ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс
істейді.
Бұл шуыл түрлері қалыпты жайт және
құрылғының ақаулығына жатпайды.
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа
әрқашан қақпақ жабыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
ТАМАҚ ПІСІРУ ҮЛГІЛЕРІ
Кестедегі деректер жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген.
Қызу
парам
етрі
Пайдалану: Уақыт Ақыл-кеңес
1
Піскен тағамды жылы ұстаңыз. қажетін
е орай
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
1-3 Голланд тұздығы, балқытылған:
сары май, шоколад, желатин.
5-25
мин
Ара-тұра араластырыңыз.
1-3 Қойылту: шайқалған омлет, піскен
жұмыртқалар.
10-40
мин
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
ҚАЗАҚ
13
Қызу
парам
етрі
Пайдалану: Уақыт Ақыл-кеңес
3-5 Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату, дайын
тағамдарды жылыту.
25-50
мин
Кем дегенде күріштен екі есе
көп сұйық қосыңыз, сүттен
жасалған тағамдарды белгілі бір
уақыт өткеннен кейін
араластырыңыз.
5-7 Буға піскен көкөністер, балық, ет. 20-45
мин
Бірнеше ас қасық су қосыңыз.
7-9 Буға піскен картоптар. 20-60
мин
750г картопқа ең көбі ¼ л су
қосыңыз.
7-9 Көп мөлшердегі тағамдар,
бұқтырылған тағамдар мен көже
пісіру.
60-150
мин
3 литрге дейін су және
құраластар.
9-12 Баппен қуыру: эскалоп, "кордон
блё" бұзау еті, котлет, риссоль,
шұжық, бауыр, майға қуырылған ұн,
жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
қажетін
е орай
Орта тұсында аударыңыз.
12-13 Қатты қуыру, қуырылған картоп, қоң
ет, бифштекстер.
5-15
мин
Орта тұсында аударыңыз.
14 Көп мөлшердегі суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
бұқтырып пісіру), фри.
Қуат функциясы - көп мөлшердегі суды
қыздыруға тамаша жарайтын функция.
14
www.aeg.com
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны әр пайдаланғаннан кейін тазалап
отырыңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан таза
болсын.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1.
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және қант
қосылған тағам. Дереу тазаламасаңыз,
құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Шыныға арналған арнайы қырғышты
қолданыңыз. Қырғышты шыны бетке
сүйір бұрыш жасап қойып, ары-бері
жылжыту арқылы тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде суыған кезде
алыңыз: әк дақтары, су дақтары, май
дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен, шамалы
жуғыш зат қосып тазалаңыз.
3.
Соңында құрылғыны таза шүберекпен
әбден құрғатыңыз.
ҚАЗАҚ
15
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын
қараңыз.
ЖЕЛДЕТКІШ
Құрылғы жұмыс істегенде, желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Құрылғыны
сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ
СӨНДІРУ
1.
Тұмшапеш функцияларын басқару тетігін
тұмшапеш функциясына бұраңыз.
2.
Температураны басқару түймешігін
температураға бұраңыз.
Температура индикаторы жанады да,
құрылғының ішіндегі температура
артады.
3.
Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін бұраңыз да,
температура басқару тетігін Off қалпына
қойыңыз.
ТҰМШАПЕШ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Тұмшапеш функциясы Қолдану
Off (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Ыстық желмен
пісіру
Бірнеше сөрені пайдаланып, бірдей температурада пісірілетін
тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей қуыруға немесе пісіруге
арналған. Тұмшапештің температурасын дәстүрлі жолмен
пісіру температурасынан 20-40 °C төменірек қойыңыз.
Дәстүрлі пісіру
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру және қуыру үшін. Үстіңгі
және астыңғы қыздыру элементтері бір уақытта жұмыс істейді.
Пицца
параметрі
Пицца, киш немесе бәліш пісіруге арналған. Тұмшапештің
температурасын дәстүрлі жолмен пісіру температурасынан
20-40 °C төменірек қойыңыз.
Турбо гриль
Еттің үлкен кесектерін пісіруге арналған. Қақтау элементі мен
тұмшапештің желдеткіші бірінен кейін бірі іске қосылып,
тағамды айналдыра ыстық ауа жібереді.
Жылдам гриль
жасау
Жалпақ етіп дайындалған тағамдарды көп мөлшерде қақтауға
арналған. Тост жасауға арналған. Бүтін қақтама элементі
жұмыс істейді.
Құрғату
Туралған жемістерді (мысалы, алма, қара өрік, шабдалы) және
көкөністерді (мысалы, қызанақ, кәді, саңырауқұлақ) кептіруге
арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Тұмшапештің
шамы
Тұмшапештің шамын пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
арналған.
16
www.aeg.com
ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАҒЫШ
1 2 3
456
1
Функция индикаторлары
2
Уақыт бейнебеті
3
Функция индикаторлары
4
+ түймешігі
5
Параметр таңдау түймешігі
6
- түймешігі
Сағат функциясы Қолданылуы
Тәулік уақыты Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе тексеруге
арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған. Бұл функция
тұмшапештің жұмысына ешбір әсер етпейді.
Ұзақтық Құрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға арналған.
Аяқтау Құрылғыны сөндіру уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық және Аяқтау функциясын
қатар қолданып, құрылғының іске
қосылатын, содан кейін сөндірілетін
уақытын орната аласыз. Әуелі
Ұзақтық параметрін, содан кейін
Аяқтау уақытын орнатыңыз.
САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫН ОРНАТУ
1.
Таңдау түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2.
Минут операторының , Ұзақтық
немесе Аяқтау уақытын орнату үшін +
немесе - түймешігін қолданыңыз.
Тиісті функцияның индикаторы жанады.
Уақыт аяқталған кезде, функция
индикаторы жыпылықтайды да,
дыбыстық сигнал 2 минут естіледі.
Ұзақтық және Аяқтау
функциялары орнатылғанда, құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
3.
Сигналды тоқтату үшін түймешікті
басыңыз.
САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫН
БІРЖОЛА ТОҚТАТУ
1.
Таңдау түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2.
- түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше секундтан
кейін сөнеді.
ҚАЗАҚ
17
ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын
қараңыз.
ТҰМШАПЕШТІҢ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫН ОРНАТУ
Шұңғыл таба мен тұмшапештің
сөресінің жиектері бар. Бағыттағыш
жолдардың жиектері мен пішімі
ыдыстың сырғып кетуіне жол
бермейтін арнайы құрал болып
табылады.
Тұмшапештің сөресі мен шұңғыл табаны
қатар орнату
Тұмшапеш сөресін шұңғыл табаның үстіне
қойыңыз. Шұңғыл табаны тұмшапеш
деңгейлерінің біріндегі бағыттағыш жолдарға
келтіріп салыңыз.
Сөре сырғытпаларын орнату
бойынша нұсқауларды кейін қарап
жүру үшін сақтап қойыңыз.
СӨРЕ СЫРҒЫТПАЛАРЫ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫН САЛУ
Пісірме табақты немесе қуыру ыдысын сөре
сырғытпасына қойыңыз.
18
www.aeg.com
Тұмшапеш сөресінің биіктетілген
жиегі, ыдыс сырғып кетуге жол
бермейтін қосымша сақтық құралы
болып табылады.
ТҰМШАПЕШТІҢ СӨРЕСІ МЕН ҚУЫРУ ТАБАСЫН БІРГЕ ҚОЮ
Тұмшапеш сөресін қуыру табасының үстіне
қойыңыз. Тұмшапештің сөресі мен қуыру
табасын сөре сырғытпаларына қойыңыз.
ҚАЗАҚ
19
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын
қараңыз.
Кестелердегі температура мен пісіру
уақыттары тек нұсқау ретінде
беріледі. Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен мөлшеріне
байланысты болады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Өте сулы қоспадан жасалған тортты
пісіру үшін шұңғыл табақты
қолданыңыз. Жемістің шырыны
эмаль қаптамаға кетпейтін дақ
қалдыруы мүмкін.
ПІСІРУ
Жалпы нұсқаулар
Жаңа тұмшапешіңіз бұрыңғы
құрылғыларыңызға қарағанда басқаша
пісіруі немесе қуыруы мүмкін. Әдетте
қолданатын параметрлеріңізді
(температура, пісіру уақыттары) және сөре
деңгейлерін кестедегі мәндерге сай
келтіріңіз.
Пісіру уақыты ұзақ болса, қалдық қызуды
пайдалану үшін тұмшапеш пісірудің соңына
дейін шамамен 10 минут уақыт қалғанда
сөнуі мүмкін.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде, пештің
табақтары майысып қалуы мүмкін. Табақтар
суыған кезде майысқаны қалпына келеді.
Пісіру кестелерін қалай қолдану керек
Бірінші рет қолданған кезде төменірек
температураны пайдалануға кеңес береміз.
Арнайы рецептіге сай келетін
параметрлерді таба алмасаңыз, соған
ұқсас параметрлерді іздеңіз.
Бірнеше деңгейге қойылған торттарды
пісірген кезде пісіру уақыттары 10-15
минутқа созылуы мүмкін.
Кекстер мен пісірілген нандар басында әр
түрлі биіктікте бірдей қызармауы мүмкін.
Бұл жағдай орын алса, температура
параметрін өзгертпеңіз. Айырмашылықтар
пісіру барысында бір деңгейге келеді.
ПІСІРУГЕ ҚАТЫСТЫ КЕҢЕСТЕР
Пісіру нәтижелері Ықтимал себебі Шешімі
Торттың асты жеткілікті
түрде қызармайды.
Сөренің деңгейі дұрыс
таңдалмаған.
Тортты төменірек қойыңыз.
Торт басылып қалды (шикі,
жентектелген, құрылымы
біркелкі емес).
Тұмшапештің
температурасы тым жоғары.
Келесі жолы сәл төменірек
тұмшапеш
температурасына қойып
пісіріңіз.
Торт басылып қалды (шикі,
жентектелген, құрылымы
біркелкі емес).
Пісіру уақыты тым қысқа.
Ұзағырақ пісіру уақытын
орнатыңыз. Жоғарырақ
температураны орнату
арқылы пісіру уақытын
қысқарту мүмкін емес.
Торт басылып қалды (шикі,
жентектелген, құрылымы
біркелкі емес).
Қоспаға тым көп сұйықтық
қосылған.
Сұйықтықты аз қосыңыз.
Әсіресе араластырғыш
машинаны қолданған кезде
араластыру уақытына назар
аударыңыз.
Торт тым кебір.
Тұмшапештің
температурасы өте төмен.
Келесі жолы сәл жоғарырақ
тұмшапеш
температурасына қойып
пісіріңіз.
20
www.aeg.com
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80

Aeg-Electrolux 47036IU-MN Instrukcja obsługi

Typ
Instrukcja obsługi