Electrolux EWS86110W Instrukcja obsługi

Kategoria
Pralko-suszarki
Typ
Instrukcja obsługi

Niniejsza instrukcja jest również odpowiednia dla

EWS 86110W - EWS 106110W
................................................ .............................................
KK КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
PL PRALKA INSTRUKCJA OBSŁUGI 27
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 4
Басқару панелі 6
Бірінші қолдану 8
Əркүндік қолдану 8
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
11
Жуу бағдарламалары 13
Күту менен тазалау 15
Не істерсіңіз, егер... 19
Техникалық сиппатама 22
Пайдалану көлемі 22
Орнату 23
Электртоғына қосу 25
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 26
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өте маңызды! Нұсқаулықты мұқият
оқыңыз да келешекте пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Құрылғыңыздың қауіпсіздігі өнеркəсіп
стандарттары мен тұрмыстық
құрылғылардың қауіпсіздігіне қатысты
заң талаптарына сай келеді.
Дегенмен, өндіруші ретінде
қауіпсіздікке қатысты төмендегі
ақпараттарды беруді өз міндетіміз
деп санаймыз.
Бұл нұсқаулық кітапшаны келешекте
де пайдалану үшін құрылғымен бірге
сақтап қою қажет. Құрылғы сатылса
не басқа пайдаланушыға берілсе не
өзіңіз көшіп құрылғыны қалдыратын
болсаңыз, оның жаңа иесі
құрылғының функциялары мен оған
қатысты ескертулерден хабардар
болу үшін осы кітапшаны құрылғымен
бірге қалдырудың маңызы зор.
Құрылғыны орнатып, пайдаланбас
бұрын бұл ақпараттарды мұқият оқып
шығуға ТИІССІЗ.
Құрылғыны алғаш рет іске қоспас
бұрын, тасымалдау барысында оның
еш жерінің бүлінбегендігін тексеріп
алыңыз. Бүлінген машинаны
ешқашан қоспаңыз. Құрылғы
бөлшектері бүлінген жағдайда
оны
сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғы қыстың минус
температуралы айларында
жеткізілсе: Кір жуғыш машинаны ең
алғаш пайдаланбас бұрын бөлме
температурасында 24 сағат ұстаңыз.
ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК
Бұл өнім сипатына өзгеріс енгізу не
өзгеріс енгізуге əрекеттену қатерлі
жағдайға ұшыратады.
Жоғарғы температурадағы жуу
бағдарламаларын пайдаланған кезде
пеш есігінің шынысы қызып кетуі
ықтимал. Оған қол тигізбеңіз!
Кішкентай балалар мен үй
жануарларының
барабанға кіруіне
жол бермеңіз. Бұның алдын алу үшін
машинаны пайдаланбас бұрын
барабанның ішін тексеріп алыңыз.
Тиын, темір түйреуіш, шеге, бұранда
шеге, тас не басқа да қатты, өткір
заттар шексіз зиян келтіретіндіктен
оларды машинаға салмау керек.
Мата жұмсартқыш пен жуғыш затты
тек көрсетілген мөлшерде ғана
пайдаланыңыз. Бұл заттарды
шамадан тыс көп мөлшерде
пайдалану матаға зиян келтіреді
. Бұл
заттарды қанша мөлшерде
пайдалану қажеттігін өндіруші
нұсқаулығы бойынша анықтаңыз.
Нəски, бау, жууға келетін белбеу т.б
ұсақ заттарды зат жууға арналған
дорбаға не жастық тысына салып
жуыңыз, себебі мұндай заттар
машинаның сыртқы жəне ішкі
барабандарының арасына түсіп кетуі
мүмкін.
2 electrolux
Кір жуғыш машинаңызды қыл
өткізілген киім-кешек, жиегі
көмкерілмеген не материалы жыртық
заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
Пайдаланып, тазалап не машинаға
күтім көрсетіп болған соң оны
əрқашан электр желісінен ағытып,
суды тоқтатып қойыңыз.
Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз
жөндеуге əрекет жасамаңыз.
Тəжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары адамды жарақаттап не
машинаны елеулі ақаулыққа
ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Əрқашан тек фирмалық бөлшектерді
ғана пайдалануды талап етіңіз.
ОРНАТУ
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Құрылғы орауышын ашқанда, оның
еш жеріне нұқсан келмегенін тексеріп
алыңыз. Егер күмəндансаңыз, оны
пайдаланбай тұрып қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Пайдаланбас бұрын барлық
орауыштары мен тасымалдау үшін
қолданылған құралдарын алуыңыз
қажет. Бұл шара орындалмаған
жағдайда
өнім мен басқа да
меншігіңізге елеулі нұқсан келеді.
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы
тиісті тарауды қараңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң оның
су құятын жəне кір суды ағызатын
түтігінің басылып қалмағанын, қорек
сымының жұмыс алаңы мен қабырға
арасында қыстырылып қалмағанын
тексеріп алыңыз.
Егер машина кілем төселген еденге
қойылса, ауа машинаның астыңғы
жағында еркін айналу үшін оның
сирақтарын
бұрап лайықтап қойыңыз.
Машинаны орнатқаннан кейін оның
түтіктері мен оларды жалғастырған
жерлерден еш су ақпай тұрғандығын
əрқашан тексеріп отырыңыз.
Егер құрылғы мұздап қалатын жерге
орналастырылса, "мұздап қалудың
салдары" тарауын оқыңыз.
Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс таза жəне кір
су құбырларына байланысты
жұмыстардың барлығын кəсіпқой
сантехник не білікті адам орындауға
тиіс.
Осы құрылғыны
орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс электр
саласына қатысты жұмыстардың
барлығын кəсіпқой электрші не білікті
адам орындауға тиіс.
ПАЙДАЛАНУ
Бұл құрылғы тек тұрмыста ғана
пайдалануға арналған. Бұны басқа
мақсатта пайдалануға болмайды.
Тек ғана машинада жууға болатын
матадан жасалған заттарды ғана
жуыңыз. Əр киімнің затбелгісіндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыға шамадан тыс жүк
салмаңыз. Жуу бағдарламалары
кестесіне қараңыз.
Кір жууды бастамас бұрын барлық
қалталардың бос екендігін тексеріп,
түймелер мен тартпалардың
салынып тұрғандығын тексеріңіз.
Тозығы жеткен не жыртық заттарды
жуудан сақ болыңыз жəне сыр, сия,
тот, шөп нілінен қалған дақтарды
алдын ала кетіріңіз. Сым өткізілген
төс тартқыштарды машинада жууға
БОЛМАЙДЫ.
Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген
киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Егер буланатын
тазалағыш
сұйықтар пайдаланылса,
киімді машинаға салмас бұрын
сұйықты кетіру шарасы жүзеге
асырылуға тиіс.
Ашаны розеткадан қорек сымынан
тартып ағытпаңыз; əрқашан ашаның
өзінен ұстап тартыңыз.
Қорек сымы, басқару панелі, жұмыс
алаңы не түбіне нұқсан келіп, ішкі
жағы ашық қалған кір жуғыш
машинаны ешқашан пайдаланбаңыз.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой
деңгейіне
байланысты не пеш
жұмысына қатысты тəжірибесі мен
білімінің аздығына байланысты
пайдалана алмайтын адамдар
electrolux 3
(балаларды қоса алғанда), пешті
пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Жас балалар құрылғымен ойнамас
үшін оларды қадағалап отыру қажет.
Орам материалдары (мысалы,
пластик таспа, полистирол) балалар
үшін қауіпті болуы мүмкінтұншығып
қалу қаупі бар! Оларды балалардан
алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын
балалардың қолы жетпейтін сенімді
жерге
сақтаңыз.
Балалар мен үй жануарларының
барабанға кіруіне жол бермеңіз.
Балалар мен үй жануарлары
барабанның ішіне кіріп кетпеуі үшін
машина арнайы функциямен
жабдықталған. Бұл құралды іске қосу
үшін есіктің ішкі жағындағы түймешікті
ойығы көлденең қалыпқа келгенше
сағат тілінің бағытымен бұраңыз
(баспаңыз). Қажет болса тиынды
пайдаланыңыз. Бұл құралды
ажыратып, есікті қайтадан
жабылатындай қалыпқа келтіру үшін
түймешікті ойығы тік қалыпқа
келгенше
сағат тілінің бағытына
қарсы бұраңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жаңа құрылғыңыз су мен қуатты, жуғыш затты аз мөлшерде тұтына отырып,
кірді аса тиімді түрде жуу мен кептіруге қойылатын соңғы кездегі талаптардың
барлығына сай келеді. Машинаның жаңа жуу жүйесі жуғыш затты толықтай
пайдалануға, суды аз мөлшерде жұмсай отырып шығындалатын қуатты да
азайтуға мүмкіндік береді.
4
5
1
2
3
6
4 electrolux
1
Жуғыш зат үлестіргіш
2
Басқару панелі
3
Есіктің тұтқасы
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Кір су сорғышы
6
Өзгермелі сирақ
ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІ
Алдын ала жуу жəне кірді жібіту
циклдары кезінде жуғыш зат
салынатын немесе дақты кетіру (егер
болса) циклы кезінде дақ кетіргіш
салынатын бөлімше. Алдын ала жууға
жəне кірді жібіту ге арналған жуғыш зат
жуу бағдарламасы басталған кезде
қосылады. Дақ кетіргіш зат дақты кетіру
барысында қосылады.
Негізгі жуу циклына арналған ұнтақ
немесе сұйық жуғыш зат салуға
арналған бөлімше. Егер сұйық жуғыш
зат қолдансаңыз, оны бағдарлама
басталарға сəл уақыт қалғанда
салыңыз.
Сұйық ұстемелерге арналған
бөлімше (мата жұмсартқыш, крахмал).
Бұл заттарды қолдану мөлшері
бойынша өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз жəне оны жуғыш зат
үлестіргіштегі «MAX» таңбасынан
асырмай салыңыз. Кез келген мата
жұмсартқыш не крахмалдайтын
үстемелерді бөлімшеге жуу
бағдарламасын бастамай тұрып құю
керек.
БАҒДАРЛАМА НҰСҚАУЛЫҒЫ
Бағдарлама нұсқаулығы жуғыш зат
үлестіргіш қорапшасының алдыңғы
жағында орналасқан.
Басқа тілдерде жазылған бағдарлама
нұсқаулықтары, пайдаланушы
нұсқаулығы салынған қалтада. (Кей
құрылғыларда бірден артық бағдарлама
нұсқаулығы жоқ).
Бағдарлама нұсқаулығын айырбастау
үшін:
1. Дұрыс жағынан тартып шығарыңыз
да, алыңыз.
2. Жаңа бағдарлама нұсқаулығын
салыңыз.
electrolux 5
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Төменде басқару панелінің суреті берілген. Суретте бағдарламаны таңдайтын
түймеше, сондай-ақ түймешіктер мен сигнал шамдары көрсетілген. Бұлар
төмендегі беттерде тиісті нөмірлермен белгіленіп көрсетілген.
1 2 3 4 5 6 7
1
Бағдарлама таңдау тетігі
2
АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі
3
ПАРАМЕТРЛЕР түймешігі
4
ҚОСЫМША ШАЮ түймешігі
5
БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі
6
КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі
7
Сигнал шамдары
БАҒДАРЛАМАНЫ ТАҢДАЙТЫН
ТҮЙМЕШЕ
Бұл түймеше құрылғыны қосу/өшіру
мен/не бағдарламаны таңдау үшін
қолданылады.
АЙНАЛДЫРУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН
АЗАЙТУ
Осы түймешікті басу арқылы таңдалған
бағдарлама үшін ұсынылатын ең үлкен
жылдамдықты азайтуға немесе
мəндерді таңдауға болады.
АЙНАЛДЫРМАУ
Осы функцияны таңдағанда айналдыру
кезеңдерінің ешқайсысы да
орындалмай, орнына киімдер бырысып
қалмас үшін суды сарқу циклі
орындалады. Бұл функция аса нəзік
маталар үшін ұсынылады.
Кейбір
бағдарламалардың шаю циклдеріне
көбірек су қосылады.
ШАЮДЫ КІДІРТУ
Бұл функцияны таңдағанда, киімдер
бырысып қалмас үшін соңғы шаюдан
қалған су түбіне дейін сарқылмайды.
Есікті ашпас бұрын суды төгу қажет
болады. Суды сарқу үшін
"Бағдарламаның соңы" тарауын
қараңыз.
АЛДЫН АЛА ЖУУ
Бұл функцияны таңдаған кезде машина
негізгі жуу циклін орындамас бұрын
алдын ала жуу циклін орындап шығады
.
Жуу уақыты ұзаққа созылады. Бұл
функцияны қатты кірлеген заттарды жуу
үшін пайдалану ұсынылады.
DAILY
Осы түймешікті басқан кезде жуу
ұзақтығы қысқарады. Шамалы
ластанған кір үшін қолдануға арналған.
СУПЕР ЖЫЛДАМ
Жеңіл-желпі кірлеген зат не жеңіл ғана
тазартылуға тиіс киім-кешектерге
арналған қысқа мерзімді цикл.
Машинаға салынатын кірдің мөлшерін
азайтуды ұсынамыз.
6 electrolux
ЭКСТРА ШАЮ
Бұл құрылғы қуатты үнемдеу үшін
арнайы жасалған. Кірді қосымша сумен
(қосымша шаю) шаю қажет болса, осы
параметрді таңдаңыз. Бірнеше
қосымша шаю циклдері орындалады.
Бұл функция жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін, сондай-
ақ суы аса тұщы жерлерде қолдану
үшін ұсынылады.
БАСТАУ ҮЗІЛІС
Бұл түймешік таңдалған бағдарламаны
бастау мен үзіліске қоя тұруға мүмкіндік
береді.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
Бұл түймешік арқылы бағдарламаны 3,
6 не 9 сағатқа кешіктіріп бастауға
болады.
ИНДИКАТОРЛЫҚ СИГНАЛ
ШАМДАРЫ
7.1
7.2
7.3
Құрылғыны іске қосқан кезде, 7.1
(Алдын ала жуу/Жуу) жəне 7.2 (Шаю/
Айналдыру) сигнал шамдарының екеуі
де жанады. Түймешікті басқаннан кейін
5, тек орындалып тұрған циклдың
сигнал шамы жанады.
Су төгу бағдарламасын таңдасаңыз, кез
келген шам жанады.
Циклдің соңында 7.3 (Соңы) шамы
жанады да, барабан ішінде су қалмаса,
есікті ашуға болады.
БЕЛГІШЕЛЕР КЕСТЕСІ
= Мақта мата = Үнемді
= Суық = Синтетика
= Нəзік мата = Арнайы бағдарламалар
= Жүн мата = Қолмен жуу
= Шаю = Суын төгу
= Айналдыру =Мини-бағдарлама
= Шаюды кідірту = Айналдырмау
electrolux 7
= Функциялар = Аса жылдам
= Күнделікті =Алдын ала жуу
= Қосымша шаю = Бастау/Үзіліс
= Циклдың соңы = Жуу кезеңі
= Кешіктіріп бастау
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Электр желісіне жəне су
жүйелеріне қосу жұмыстарын
құрылғыны орнату нұсқауларына
сəйкес жүзеге асырыңыз.
Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз.
Жуғыш зат үлестіргіштің негізгі
жуу циклына арналған
қорапшасына 2 литр су
құйыңыз; бұл ЭКО тығырығын
белсенді күйге көшіру үшін қажет.
Содан соң мақта мата циклын ең
үлкен температураға қойып,
барабан мен машина ішіндегі
өндіріс қалдықтарды тазалау үшін
оны кір салмастан іске қосыңыз.
Негізгі жуу циклына арналған
үлестіргіш қорапшаға жуғыш
заттың 1/2 мөлшерін салыңыз да,
машинаны іске қосыңыз.
ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Кірді салыңыз
Есікті тұтқасынан ұстап еппен сыртқа
қарай тартып ашыңыз. Кірді барабанға
бір-бірлеп, барынша сілки отырып
салыңыз. Есікті жабыңыз.
Тығыздағыш пен есіктің арасына ешбір
кір қыстырылып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге нұқсан
келуі мүмкін.
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты
өлшеп алыңыз
Үлестіргіш қорапшасын сыртқа қарай
тоқтағанынша тартып шығарыңыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерде өлшеп
алыңыз да, негізгі жуу цикліне арналған
қорапшаға
не таңдалған бағдарлама/
параметрге сай тиісті қорапшаға
салыңыз(қосымша ақпаратты "Жуғыш
зат үлестіргіші" тарауынан алыңыз).
Қажет болса, мата жұмсартқышты
таңбаламасы бар қорапшаға
құйыңыз(қорапшадағы "MAX" белгісінен
асырмаңыз). Қорапшаны еппен
жабыңыз.
8 electrolux
ҚАЖЕТТІ БАҒДАРЛАМАНЫ
БАҒДАРЛАМА ТАҢДАҒЫШ ТҮЙМЕШЕ
(1) АРҚЫЛЫ ТАҢДАҢЫЗ.
Бағдарламаны таңдайтын түймешені
қажетті бағдарламаға дейін бұраңыз.
Кір жуғыш машина таңдаған
бағдарламаңыз үшін максимум
айналдыру жылдамдығын автоматты
түрде ұсынады. Бұл мəнді тиісті
түймешікті басып өзгертуіңізге болады.
5 түймешігінің жасыл сигнал шамы
жыпылықтай бастайды.
Таңдау тетігін сағат тілінің бағытымен
немесе сағат тілінің бағытына қарсы
бұрауға болады. Бағдарламаны
бастапқы қалпына қою
/машинаны
сөндіру үшін
қалпына бұраңыз.
Бағдарламаның соңында таңдау
тетігін
қалпына қойып, машинаны
сөндіріңіз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Бағдарламаны таңдайтын
түймешені машина жұмыс жасап
тұрған кезде басқа бағдарламаға
əкеліп қойсаңыз, 5 түймешігінің
қызыл сигнал шамы 3 рет
жыпылықтап, бұл таңдаудың қате
екендігін білдіреді. Машина
жаңадан таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
АЙНАЛДЫРУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН 2
ТҮЙМЕШІГІН БАСУ АРҚЫЛЫ
АЗАЙТЫҢЫЗ
Бағдарламаны таңдаған кезде машина
осы бағдарлама үшін тағайындалған
максимум айналдыру жылдамдығын
автоматты түрде ұсынады.
Егер кірді басқа жылдамдықта
айналдырып жуғыңыз
келсе, 2
түймешігін қайта-қайта басып
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз.
Сəйкес келетін шам жанады.
МАШИНА ЖАДЫНДАҒЫ
ФУНКЦИЯЛАРДЫ 2, 3 ЖƏНЕ 4
ТҮЙМЕШІКТЕРІН БАСЫП ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарлама түріне қарай əртүрлі
функцияларды біріктіріп пайдалануға
болады. Бұны қажетті бағдарламаны
таңдап алған соң, бағдарламаны
бастамай тұрып таңдау қажет.
Бұл түймешіктерді басқан кезде, тиісті
сигнал шамдары жанады. Оларды
қайта басқан уақытта сигнал шамдары
өшеді. Теріс Функция
таңдалған кезде 5
түймешігінің қызыл сигнал шамы 3 рет
жыпылықтайды.
Жуу бағдарламалары мен
параметрлердің өзара үйлесімділігі
туралы ақпаратты "Жуу
бағдарламалары" тарауынан
алыңыз.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫН 6
ТҮЙМЕШІГІН БАСЫП ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарламаны бастамай тұрып
кешіктіріп бастау функциясын қосқыңыз
келсе, қажетті кідіртіп бастау уақытын 6
түймешігін қайта-қайта басып таңдаңыз.
Сəйкес келетін шам жанады.
Бұл функцияны бағдарламаны орнатып
болып, оны бастамай тұрып таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген
уақытта, 5
түймешігін баспай тұрып
біржола тоқтатуға не өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау функциясын таңдау:
1. Бағдарлама мен қажетті
параметрлерді таңдаңыз.
2. Кешіктіріп бастау функциясын 6
түймешігін басып таңдаңыз.
3. 5 түймешігін басыңыз:
машина сағат сайын кеміп
отыратын кері санақты бастайды.
Кешіктіріп бастау уақыты
аяқталған соң бағдарлама
басталады.
Бағдарламаны бастаған соң кідіртіп
бастауды болдырмау:
1. 5 түймешігін басу
арқылы кір жуғыш
машинаны ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.
2. 6 түймешігін бір рет бассаңыз,
таңдалған кешіктіріп бастау
уақытына қатысты шам сөнеді
3. Бағдарламаны бастау үшін 5
түймешігін қайта басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын САРҚУ
бағдарламасымен бірге таңдауға
болмайды.
electrolux 9
Өте маңызды! Таңдалған кешіктіріп
бастау уақытын тек жуу бағдарламасын
қайта таңдап болған соң ғана өзгертуге
болады.
Есік кешіктіріп бастау уақыты
аяқталғанша құлыптаулы тұрады. Егер
есікті ашу қажет болса машинаны
ҮЗІЛІСКЕ ( 5 түймешігін басу арқылы)
қойып, содан соң бірнеше минут күтіңіз.
Есікті жапқан соң 5 түймешігін қайта
басыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ 5 ТҮЙМЕШІГІН
БАСЫП БАСТАҢЫЗ
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін
5
түймешігін басыңыз, тиісті жасыл
сигнал шамы жыпылықтауын
тоқтатады. 7.1 жəне 7.2 сигнал
шамдары жанады да, машинаның
жұмыс істей бастағанын жəне есіктің
құлыпталып қалғандығын көрсетеді.
Орындалып тұрған бағдарламаны
үзіліске қою үшін 5 түймешігін басыңыз:
жасыл сигнал шам жыпылықтай
бастайды.
Бағдарламаны үзілген жерінен əрі
қарай жалғастыру үшін 5 түймешігін
қайта басыңыз. Кешіктіріп бастау
параметрі таңдалған жағдайда машина
кері
санақты бастайды.
Функция дұрыс таңдалмаған кезде 5
түймешігінің қызыл сигнал шамы 3 рет
жыпылықтайды.
ПАРАМЕТРГЕ НЕ ОРЫНДАЛЫП
ТҰРҒАН БАҒДАРЛАМАҒА ӨЗГЕРІС
ЕНГІЗУ
Бағдарлама кейбір параметрлерді
орындамай тұрып оларды өзгертуге
болады.
Қандай да бір өзгеріс енгізбес бұрын,
машинаны 5 түймешігін басып барып
ҮЗІЛІСКЕ қоюға тиіссіз.
Орындалып тұрған бағдарламаны,
қайта бастапқы қалпына қойғаннан
кейін ғана өзгерте аласыз. Бағдарлама
таңдау
тетігін қалпына қойып, содан
кейін жаңа бағдарламаға қойыңыз.
Жаңа бағдарламаны 5 түймешігін қайта
басып бастаңыз. Барабанның ішіндегі
кір жуылатын су төгілмейді.
БАҒДАРЛАМАНЫ ҮЗУ
Орындалып тұрған бағдарламаны
кідірте тұру үшін 5 түймешігін басыңыз,
тиісті жасыл шам жыпылықтай
бастайды.
Бағдарламаны қайта бастау үшін
түймешікті қайта басыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ БОЛДЫРМАУ
Орындалып тұрған бағдарламаны
болдырмау үшін түймешені
қалпына
қойыңыз.
Енді жаңа бағдарламаны таңдауыңызға
болады.
ЕСІКТІ АШУ
Бағдарлама басталғаннан кейін (не
кешіктіріп бастау функциясы кезінде)
есік бұғаттаулы болады, оны ашқыңыз
келсе, əуелі машинаны 5 түймешігін
басып үзіліске қойыңыз. Бірнеше
минуттан кейін есікті ашуға болады.
Есік ашылмаса, бұл машинаның суды
ысыта бастағанын не су деңгейінің тым
жоғары екенін білдіреді. Есікті ешбір
жағдайда күшпен ашуға
тырыспаңыз!
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны
міндетті түрде ашу қажет болса, таңдау
тетігін
қалпына қойыңыз. Бірнеше
минуттан соң есікті ашуға болады
(судың деңгейі мен температурасына
назар аударыңыз!).
Есікті жапқаннан кейін бағдарлама мен
функцияларды қайта таңдап, 5
түймешігін басу керек.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
Машина автоматты түрде тоқтайды. 5
түймешігінің шамы мен аяқталған
циклдарға сай келетін шамдар сөнеді.
7.3 шамы жанып, циклдың аяқталғанын
көрсетеді. Бірнеше минуттан кейін есікті
ашуға болады.
Егер аяқталған кезде барабанның
ішінде су қалатын бағдарлама не
параметр таңдалса, есік бұғатталған
қалпы қалады. Есікті ашпай тұрып суды
төгу керек.
Барабан біркелкі интервал бойынша, су
төгілгенше айналып тұрады.
Суды төгу үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз:
10 electrolux
1.
Бағдарлама таңдау тетігін
қалпына бұраңыз.
2. Суды төгу не айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
3. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын тиісті түймешікті
басып азайтыңыз.
4. 5 түймешігін басыңыз.
Бағдарламаның соңында 7.3 шамы
жанып, циклдың аяқталғанын көрсетеді.
Енді есікті ашуға болады. Құрылғыны
сөндіру үшін бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойыңыз.
Кірді машинадан алыңыз да,
барабанның бос екенін мұқият
тексеріңіз. Енді кір жумайтын болсаңыз,
су құятын шүмекті жабыңыз. Зең мен
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есікті
ашық қалдырыңыз.
Күту режимі: бағдарлама
аяқталғаннан кейін бірнеше минут
өткен соң қуатты үнемдеу режимі
қосылып, оның индикаторы жанады.
Кез келген түймешікті басу арқылы,
құрылғыны қуатты үнемдеу
режимінен шығаруға болады.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
ЖУЫЛАТЫН КІРДІ СҰРЫПТАУ
Əрбір киімнің затбелгісіндегі жууға
қатысты белгішелерге мұқият назар
аударып, өндірушінің жууға қатысты
нұсқауларын орындаңыз. Киімді
төмендегідей сұрыптау керек: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нəзік мата, жүн тоқыма.
ЖУЫЛАТЫН КІРДІ САЛМАС БҰРЫН
Ақ жəне түрлі-түсті киімдерді ешқашан
бірге жумаңыз. Ақ киімнің "ақтығы" жуу
барысында бозарып қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш
рет
жуғанда бояуы шығуы мүмкін;
сондықтан да оларды алғашқыда жеке-
жеке жуу қажет.
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды
бастамай тұрып кетіріп алыңыз.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді
ерекше баппен тазалаңыз.
Ілгектерін алыңыз не болмаса қалта не
торға салып буыңыз.
ДАҚТАРДЫ КЕТІРУ
Оңай кетпейтін дақтарды тек су мен
жуғыш зат арқылы кетіре алмауыңыз
мүмкін. Сондықтан да бұндай дақтарды
кірді жумай тұрып кетіріп алған дұрыс.
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен
жуыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды арнайы
жуғыш зат салынған суға салып түні
бойы
жібітіңіз де, содан соң сабынды
суға салып ысқылаңыз.
Майлы сырдан қалған дақ: дақ
кетіргіш бензинмен жібітіңіз де, киімді
жұмсақ матаның үстіне қойып, дақты
сіңіріп алыңыз; осыны бірнеше рет
қайталаңыз.
Кеуіп қалған май
дақтары:скипидармен жібітіңіз де,
киімді жұмсақ заттың үстіне қойып,
мақтадан жасалған матаны даққа
қойып, оны саусағыңыздың ұшымен
басып сіңіріп алыңыз.
Тот:ыстық
суға ерітілген қымыздық
қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын
тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына əлдеқашан нұқсан
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары:ағартқышпен сүртіңіз де
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шөп нілі: аздап ғана сабындап
ағартқышпен сүртіңіз(ақ не бояу тез
шығатын
түсті киімдер үшін ғана).
Шарикті қалам не желім: ацетонмен
жібітіңіз
1)
, киімді жұмсақ матаның
үстіне қойып, дақты сіңіріп алыңыз;
1) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз
electrolux 11
Далап: жоғарыда көрсетілгендей
ацетонмен жібітіңіз де, содан соң дақты
этил спиртімен сүртіңіз. Кез келген
қалып қойған дақты ағартқышпен
сүртіңіз.
Қызыл шарап:жуғыш зат салынған суға
жібітіңіз де, сірке не лимон
қышқылымен сүртіңіз, содан соң
шайыңыз. Кез келген қалып қойған
дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Сия: сияның түріне қарай алдымен
матаны ацетонмен
1)
, содан соң сірке
қышқылымен жібітіңіз; ақ матада қалып
қойған кез келген дақты ағартқышпен
сүртіңіз де, содан соң мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ
кетіргіш, этил спирті не бензинмен
сүртіңіз, содан соң жуғыш
қоймалжыңмен ысқылаңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҚОСПАЛАР
Жуған кезде жақсы нəтижеге жету
сондай-ақ, жуғыш затты дұрыс таңдап
алу, оны босқа ысыраптамай жəне
қоршаған
ортаға зиян келтірмейтіндей
тиісті мөлшерде пайдалануға да
байланысты.
Сонымен қатар сіңіп кететін заттардың
құрамында, мөлшері шамадан тыс көп
болған жағдайда табиғаттың үйлесімін
бұзуы мүмкін заттар кездеседі.
Жуғыш затты таңдау матаның
түріне(нəзік мата, жүн тоқыма, мақта
мата т.б.),түсіне, жуу температурасына
жəне қаншалықты кірленгендігіне
байланысты болады.
Əдетте кір жуғыш машинада
пайдаланылатын жуғыш заттардың
барлығын да
осы машинада қолдануға
болады:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар
нəзік мата(макс. 60°C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар
матаның барлық түрлеріне не
əсіресе, жүн заттарға ғана арналған
төменгі температурада жуатын
бағдарламаларға(макс. 60°C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Жуу бағдарламасын бастамас бұрын
жуғыш зат не басқа да пайдаланылатын
қоспалар тиісті үлестіргіштер
қорапшасына салынуға тиіс.
Сұйық жуғыш
затты пайдаланғанда
алдын ала жуу функциясы жоқ
бағдарламаны таңдау қажет.
Кір жуғыш машина жуғыш зат
концентратын барынша тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін
араластырғыш жүйемен жабдықталған.
Өнім өндірушісінің жуғыш затты
пайдалану мөлшеріне қатысты
ұсыныстарын орындаңыз, оны
үлестіргіш қорапшасындағы "MAX"
мөлшерінен асырмай салыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТТЫҢ
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МӨЛШЕРІ
Жуғыш заттың түрі мен қолданылатын
мөлшері киім матасының түрі, салынған
мөлшері, қаншалықты кірленгендігі
мен
пайдаланылған судың кермектігіне
байланысты.
Заттың пайдаланылатын мөлшерін
өндіруші нұсқауларына сай анықтап
пайдаланыңыз.
Төменгі жағдайларда жуғыш затты аз
мөлшерде жұмсаңыз:
аз ғана кір жусаңыз,
заттар тек жеңіл-желпі кірлесе,
жуған кезде көбік көп болса.
СУ КЕРМЕКТІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІ
Судың кермектігі "деңгей" арқылы
өлшенетін өлшеммен анықталады.
Жергілікті жердегі судың кермектігі
туралы ақпаратты сумен жабдықтайтын
компания не
жергілікті əкімшілік
мекемеден алуға болады. Судың
кермектігі орташа не жоғары болса,
өндіруші нұсқауларын əрқашан
орындай отырып су жұмсартқыштан
қосыңыз. Су жұмсақ болса жуғыш
заттың қосылатын мөлшерін қайта
баптаңыз.
12 electrolux
ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
БағдарламаЕң үлкен жəне Ең кіші температура
Цикл сипаттамасыЕң үлкен айналдыру
жылдамдығыСалынатын матаның ең үлкен
салмағыКірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
қорапшасы
МАҚТА МАТА
90° - 60°
Негізгі жууШаю циклдары - Айналдыру
Ең үлкен 800 мин/айн (EWS86110W) жылдамдықпен
айналдыру
Ең үлкен 1000 мин/айн (EWS106110W)
жылдамдықпен айналдыру
Ең үлкен салмақ 6 кгАзайтылған салмақ 3 кг
Ақ мақта мата (қатты кірлеген заттар).
АЙНАЛДЫРУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
1)
КҮНДЕЛІКТІ
АСА ЖЫЛДАМ
2)
ҚОСЫМША ШАЮ
МАҚТА МАТА, ҮНЕМДІ
60°
Негізгі жууШаю циклдары - Айналдыру
Ең үлкен 800 мин/айн (EWS86110W) жылдамдықпен
айналдыру
Ең үлкен 1000 мин/айн (EWS106110W)
жылдамдықпен айналдыру
Ең үлкен салмақ 6 кг
Ақ жəне бояуы берік мақта мата
Бұл бағдарламаны шамалы не қалыпты кірлеген
мақта матадан жасалған заттар үшін таңдауға
болады. Температура төмендейді де, жуу уақыты
ұзарады. Бұл қуатты осылай үнемдей отырып, жуу
нəтижесін
жақсартуға көмектеседі.
АЙНАЛДЫРУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
МАҚТА МАТА, ҮНЕМДІ
40°
Негізгі жууШаю циклдары - Айналдыру
Ең үлкен 800 мин/айн (EWS86110W) жылдамдықпен
айналдыру
Ең үлкен 1000 мин/айн (EWS106110W)
жылдамдықпен айналдыру
Ең үлкен салмақ 6 кг
Түрлі-түсті мақта мата
Бұл бағдарламаны шамалы не қалыпты кірлеген
мақта матадан жасалған заттар үшін таңдауға
болады. Температура төмендейді де, жуу уақыты
ұзарады. Бұл қуатты осылай үнемдей отырып, жуу
нəтижесін жақсартуға көмектеседі
.
АЙНАЛДЫРУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
1)
ҚОСЫМША ШАЮ
МАҚТА МАТА
40° - 30° - Суық
Негізгі жууШаю циклдары - Айналдыру
Ең үлкен 800 мин/айн (EWS86110W) жылдамдықпен
айналдыру
Ең үлкен 1000 мин/айн (EWS106110W)
жылдамдықпен айналдыру
Ең үлкен салмақ 6 кгАзайтылған салмақ 3 кг
Түрлі-түсті мақта мата(шамалы немесе қалыпты
кірлеген заттар).
АЙНАЛДЫРУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
1)
КҮНДЕЛІКТІ
АСА ЖЫЛДАМ
2)
ҚОСЫМША ШАЮ
electrolux 13
БағдарламаЕң үлкен жəне Ең кіші температура
Цикл сипаттамасыЕң үлкен айналдыру
жылдамдығыСалынатын матаның ең үлкен
салмағыКірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
қорапшасы
СИНТЕТИКА
60° - 40° - 30° - Суық
Негізгі жууШаю циклдары - Айналдыру
Ең үлкен 800 мин/айн (EWS86110W) жылдамдықпен
айналдыру
Ең үлкен 900 мин/айн (EWS106110W) жылдамдықпен
айналдыру
Ең үлкен салмақ 3 кгАзайтылған салмақ 1,5 кг
Синтетика не аралас мата: іш киім,
түрлі-түсті киім-кешек, отырып қалмайтын жейделер,
блузалар.
АЙНАЛДЫРУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
1)
КҮНДЕЛІКТІ
АСА ЖЫЛДАМ
2)
ҚОСЫМША ШАЮ
НƏЗІК МАТА
40° - 30°
Негізгі жууШаю циклдары - Айналдыру
Ең үлкен 700 мин/айн жылдамдықпен айналдыру
Ең үлкен салмақ, кг 3 - Азайтылған салмақ, кг 1,5
Нəзік маталар: акрил, вискоза, полиэстер.
АЙНАЛДЫРУ
3)
АЙНАЛДЫРМАУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
АЛДЫН АЛА ЖУУ
1)
КҮНДЕЛІКТІ
АСА ЖЫЛДАМ
2)
ҚОСЫМША ШАЮ
ЖҮН МАТА
40° - 30° - Суық
Негізгі жууШаю циклдары - Айналдыру
Ең үлкен 800 мин/айн (EWS86110W) жылдамдықпен
айналдыру
Ең үлкен 1000 мин/айн (EWS106110W)
жылдамдықпен айналдыру
Кірдің ең үлкен салмағы 2 кг
Машинада жууға болатын жүн мата, сондай-ақ
қолмен жууға болатын жүн тоқыма мен нəзік
маталарға арналған бағдарлама.
Бір ғана бұйым не ауыр бұйым тепе-теңдікті
бұзуы мүмкін. Егер құрылғы соңғы айналдыру
циклын орындамаса, кірді көбірек қосып, қолмен
таратып салыңыз да, айналдыру бағдарламасын
таңдаңыз.
АЙНАЛДЫРУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
ШАЮ
Шаю циклы
Ең үлкен 800 мин/айн (EWS86110W) жылдамдықпен
айналдыру
Ең үлкен 1000 мин/айн (EWS106110W)
жылдамдықпен айналдыру
Ең үлкен салмақ 6 кг
Бұл бағдарлама арқылы қолмен жуылған, мақта
матадан жасалған киім-кешектерді шаюға жəне
айналдыруға болады. Шаю қарқынын үдету үшін
ҚОСЫМША ШАЮ бағдарламасын таңдаңыз. Құрылғы
бірнеше шаю циклын қосады.
АЙНАЛДЫРУ
АЙНАЛДЫРМАУ
ШАЮДЫ КІДІРТУ
ҚОСЫМША ШАЮ
14 electrolux
БағдарламаЕң үлкен жəне Ең кіші температура
Цикл сипаттамасыЕң үлкен айналдыру
жылдамдығыСалынатын матаның ең үлкен
салмағыКірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
қорапшасы
ТӨГУ
Суды төгу
Ең үлкен салмақ 6 кг
Шаюды кідірту функциялары таңдалған
бағдарламаларда кір соңғы рет шайылған суды
төгуге арналған.
АЙНАЛДЫРУ
Суды төгу жəне ұзақ айналдыру
Ең үлкен 800 мин/айн (EWS86110W) жылдамдықпен
айналдыру
Ең үлкен 1000 мин/айн (EWS106110W)
жылдамдықпен айналдыру
Ең үлкен салмақ 6 кг
Қолмен жуылған мақта мата үшін жəне суы төгілмей
аяқталатын функциясы бар бағдарламалардан кейін
қолданылатын бөлек айналдыру. Тиісті түймешікті
басып, айналдырылатын матаға сай келетін
айналдыру жылдамдығын таңдап алуға болады.
АЙНАЛДЫРУ
МИНИ-БАҒДАРЛАМА
30°
Негізгі жууШаю циклдары - Айналдыру
Ең үлкен 700 мин/айн жылдамдықпен айналдыру
Ең үлкен салмақ 3 кг
Шамалы кірлеген не жеңіл-желпі жуылатын кірді
жууға тамаша жарайды.
АЙНАЛДЫРУ
3)
АЙНАЛДЫРМАУ
= ӨШІРУ
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны біржола тоқтатуға не машинаны өшіруге арналған.
1) Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда, АЛДЫН АЛА ЖУУ функциясы жоқ бағдарламаны таңдау қажет.
2) Егер АСА ЖЫЛДАМ функциясын 3 түймешігін басу арқылы таңдасаңыз, ең үлкен салмақты
көрсетілгендей азайтуды ұсынамыз. Машинаға кірді толтыра салуға болады, бірақ кір жуу нəтижесі
аздап төмендейді.
3) Тек EWS86110W үлгісінде жұмыс істейді.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Тазалау не
жөндеу жұмыстарын жүргізбес
бұрын құрылғыны міндетті түрде
электр желісінен ажыратуыңыз
қажет.
ҚАҚ ТАЗАЛАУ
Біз пайдаланатын судың құрамында
əдетте əк болады. Су жұмсартқыш
ұнтақты машинада мезгіл-мезгіл
пайдаланып отырған дұрыс. Бұны кір
жумай тұрған кезде, жұмсартқыш
ұнтақты өндірушінің нұсқауларына сай
орындаңыз. Бұл əк қағының жиналып
қалуынан сақтайды.
ƏРБІР ЖУУ ЦИКЛІ АЯҚТАЛҒАН СОҢ
Есікті біраз
уақыт ашып қойыңыз. Бұл
құрылғының ішінде зең пайда болып не
борсық иіс тұрып қалудың алдын алуға
көмектеседі. Əрбір жуу циклі аяқталған
соң құрылғының есігін ашық қалдыру,
есіктің тығыздағышын қалыпты күйде
сақтауға көмектеседі.
ТАЗАЛАУ ҮШІН ЖУУ
Төмен температурадағы
бағдарламаларды пайдаланған кезде
барабанның ішіне қалдық жиналып
қалуы мүмкін.
electrolux 15
Машинаны тазалау мақсатында жуу
бағдарламасын мезгіл-мезгіл орындап
отыруды ұсынамыз.
Жуу бағдарламасын машинаны тазалау
мақсатында орындау үшін:
Барабанға ешбір кір салынбауға тиіс.
Мақта матаны жууға арналған
бағдарламаны ең жоғарғы
температураға қойып таңдаңыз.
Жуғыш затты қалыпты мөлшерде
пайдаланыңыз, ол биологиялық
қасиеті бар ұнтақ зат болуға тиіс.
СЫРТЫН ЖУУ
Құрылғының сырт жағын сабынды
сумен жуыңыз да
, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғыны жуу үшін
метил спирті, еріткіштер не сол сияқты
заттарды пайдалануға болмайды.
ҮЛЕСТІРГІШ ҚОРАПШАСЫН
ТАЗАЛАУ
Жуғыш зат үлестіргіштің қорапшасын
мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет.
Жуғыш ұнтақ пен қоспалар
үлестіргішінің қорапшасын мезгіл-мезгіл
тазалап отыру қажет.
Қорапшаның ұстағышын төмен басып
тұрып сыртқа тартып шығарыңыз.
Оны су шүмегінің астына қойып тұрып,
ұнтақтың қандай да бір жиналып қалған
қалдығы болса оны шайып кетіріңіз.
Тазалық жасау оңай болу үшін қоспа
салынатын қорапшаның үстіңгі жағын
алып қою қажет. Барлығын суға салып
жуыңыз.
Үлестіргіш суырма тұратын камераны
шөткемен тазалаңыз.
ЖУҒЫШ БАРАБАН
Жуатын судың құрамындағы тот пайда
болдыратын заттар мен құрамында
темірі су құбырының суы, барабан
ішінің тот басуына себеп болуы мүмкін.
Өте маңызды! Барабанды құрамында
қышқылы бар қақ кетіргіштермен, хлоры
бар жеміргіш заттармен, немесе темір
не болат жөкемен тазаламаңыз.
1. Барабандағы тотты тот баспайтын
болатқа арналған тазалағышпен
тазартыңыз.
2. Тазалағыш заттың қалдығын
арылту үшін жуу
циклін ешбір зат
салмастан орындап шығыңыз.
Бағдарлама: Мақта матаға арналған
қысқа бағдарламаны максимум
температураға қойып, шамамен
мөлшерлегіш ыдыстың 1/4 бөлігіне
салынған жуғыш заттан салыңыз.
ЕСІК ТЫҒЫЗДАҒЫШЫ
Есіктің тығыздағышын мезгіл-мезгіл
тексеріп, оның қатпарларының арасына
тұрып қалуы мүмкін заттарды алып
қойыңыз.
16 electrolux
СУ СОРҒЫ
Су төгетін сорғыны уақытылы тексеріп,
таза екеніне көз жеткізіңіз.
Келесі жағдайларда су төгетін сорғыны
мезгіл-мезгіл тазалаңыз:
Құрылғыдан су ақпай тұрса.
Барабан айнала алмаса.
Су төгетін сорғы бітеліп қалып,
құрылғыдан тосын шуыл естіледі.
Су төгуге қатысты ақаулық орын алса
(қосымша ақпараттыНе істерсіңіз,
егер...” тарауынан қараңыз).
Назарыңызда болсын!
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
сүзгіні алмаңыз. Құрылғыдағы
су ыстық болса су төгетін
сорғыны тазаламаңыз. Су
төгетін сорғыны тазалау
алдында су суық болуға тиіс.
Су төгетін сорғыны тазалау:
1. Сорғы есігін ашыңыз.
2. Су төгетін сорғының астына, аққан
су құйылатын ыдыс қойыңыз.
3. Суды ағызу үшін екі тетікті басып, су
төгетін түтікшені өзіңізге қарай
тартыңыз.
4. Сауытқа су толған кезде, су төгетін
түтікшені орнына қайта қойып,
сауытты босатыңыз. 3-ші жəне 4-ші
қадамдарды, су төгетін сорғыдан
ешбір су ақпай қалғанша қайта-
қайта орындаңыз.
5. Су төгетін түтікшені қайта суырып
алыңыз.
6. Сүзгінің бұрандасын босатыңыз да,
алыңыз.
1
2
7. Сорғыдағы қыл-қыбыр жəне басқа
заттарды алыңыз.
electrolux 17
8. Сорғының айналдырғысы дұрыс
айнала алатынына көз жеткізіңіз.
Егер айналмаса, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
9. Сүзгіні шүмектен ағып тұрған судың
астына ұстап тұрып тазалап,
сорғыдағы бағыттауыштарға салып,
орнына қойыңыз.
10. Су ағып кетпес үшін сүзгінің дұрыс
бұралғанына көз жеткізіңіз.
2
1
11. Су төгетін сорғының есігін жабыңыз.
Назарыңызда болсын!
Жуу циклі кезінде сорғының қақпағын
ешқашан алмаңыз, əрқашан
құрылғының циклді аяқтап, судан бос
болуын күтіңіз. Сорғының қақпағын
орнына салған кезде, судың
жылыстамауы жəне кішкентай
балалардың бұрап алмауы үшін оны
мықтап бұраңыз.
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІКШЕДЕГІ СҮЗГІЛЕРДІ
ТАЗАЛАУ
Машинаға су құюға ұзақ уақыт кетіп
жатқанын байқасаңыз, су құятын
түтікшедегі сүзгінің бітелген-
бітелмегенін тексеріп алыңыз.
1. Су құятын
шүмекті жабыңыз.
2. Су құятын түтікшені бұрап ағытып
алыңыз.
3. Түтікшедегі сүзгіні қатты қылдан
жасалған шөткемен тазалаңыз.
4. Түтікшені шүмекке бұрап бекітіп
қойыңыз.
5. Түтікшені машинадан ағытып
алыңыз. Су ағып кетуі мүмкін, еден
сүрткіш дайын тұрсын.
6. Клапандағы сүзгіні қатты шөткемен
немесе шүберектің қиқымымен
тазалаңыз.
7. Түтікшені машинаға қайта бұраңыз
да, берік жалғанғанын тексеріңіз.
8. Су құятын шүмекті ашыңыз.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА СУДЫ ТӨГУ
Егер құрылғы суы төгілмесе,
машинадағы суды ағызу үшін төмендегі
əрекеттерді орындаңыз:
1. ашаны розеткадан суырыңыз;
2. судың шүмегін жабыңыз;
3. қажет болса, су суығанша күтіңіз;
4. сорғының есігін ашыңыз;
5. сауытты су төгетін сорғы ұясының
алдыңғы жағына, еденнің
үстіне
қойыңыз;
6. суды ағызу үшін екі тетікті басып, су
төгетін түтікшені өзіңізге қарай
тартыңыз;
18 electrolux
7. сауытқа су толған кезде, су төгетін
түтікшені орнына қайта қойып,
сауытты босатыңыз;
бұл əрекетті су ақпай қалғанша
қайталаңыз;
8. егер қажет болса, сорғыны
тазалаңыз ("Cу сорғы" тарауын
қараңыз);
9. су төгетін сорғының есігін жабыңыз.
Суды төтенше жағдайда төгетін
тəсілмен төккеннен кейін, су төгетін
жүйені қайта іске қосу керек:
1. Жуғыш зат үлестіргіштің негізгі жуу
циклына
арналған бөлігіне 2 литр су
құйыңыз.
2. Суды төге бастау үшін
бағдарламаны бастаңыз.
МҰЗ ҚАТУҒА ҚАРСЫ САҚТЫҚ
ШАРАЛАРЫ
Құрылғы температурасы 0°C градустан
төмен түсуі ықтимал жерге орнатылса,
су құятын, төгетін түтіктерде жəне су
төгетін сорғыда қалған суды төгіңіз.
1. ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. судың шүмегін жабыңыз
3. су құятын түтікті шүмектен
ағытыңыз;
4. су құятын түтіктің екі ұшын ыдысқа
салып
, түтіктегі суды ағызыңыз.
5. су төгетін сорғыны "Төтенше
жағдайда суды төгу" тарауынан
қараңыз.
6. су төгетін сорғы босаған кезде, су
құятын түтікті қайта орнына
қойыңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны қайта іске қолданар
алдында температураның 0 °C
градустан жоғары екеніне көз жеткізіңіз.
Төмен температураға байланысты орын
алған ақауларға өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Кейбір мəселелер қарапайым
техникалық қызмет көрсетілмеуінен не
бақылаудың аздығынан пайда
болатындықтан, оларды маманды
арнайы шақырмай шешуге болады.
Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласпас бұрын төмендегілерді
тексеріңіз.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде
қызыл шам (5 түймешігінің)
жыпылықтап, машинаның жұмыс
істемей тұрғанын көрсетеді.
Машинада орын алған ақаулықтың
түрін 5 түймешігінің қанша рет
жыпылықтағанына қарап анықтауға
болады. Индикатордың жыпылықтау
саны төменде
көрсетілгеннен басқаша
болса, бұл сіз шеше алмайтын ақау
пайда болғанын көрсетеді. Бұндай
жағдайда жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
4 жəне 5 түймешіктерін бірнеше секунд
қатар басыңыз. Түймешіктің 5 қызыл
шамы шамалы жыпылықтайды (жасыл
жарық шығарып жыпылықтағаны есепке
алынбайды):
4 рет жыпылықтау = «Кір жуғыш
машина іске қосылмайды»,
«Ықтимал себебі/Шешімі» кестесінде
берілген ұсыныстарды орындап,
содан
кейін бағдарламаны қайта
бастаңыз.
1 рет жыпылықтау = «Кір жуғыш
машинаға су құйылмай тұр»,
«Ықтимал себебі/Шешімі» кестесінде
берілген ұсыныстарды орындап,
содан кейін бағдарламаны қайта
бастаңыз.
2 рет жыпылықтау = «Машинаның
суы төгілмейді жəне/не ол
айналмайды», «Ықтимал себебі/
Шешімі» кестесінде берілген
ұсыныстарды орындап, содан кейін
бағдарламаны қайта бастаңыз.
Ақаулықты түзеткеннен кейін
бағдарламаны қайта бастау үшін
5
түймешігін басыңыз. Егер осының бəрін
тексергеннен кейін ақаулық түзелмесе,
жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
electrolux 19
Ақаулық Ықтимал себебі/Шешімі
Кір жуғыш машина іске
қосылмайды:
Есік жабылған жоқ (түймешіктің 5 қызыл шамы
жыпылықтайды).
Есікті нығыздап жабыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Розеткада электр қуаты жоқ.
Үйдегі электр желісін тексеріңіз.
Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Бағдарлама таңдау тетігі дұрыс қалыпқа қойылмаған жəне 5
түймешігі басылмаған.
Таңдау тетігін бұраңыз да, 5 түймешігін
қайтадан басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған.
Кірді дереу жуу қажет болса, кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатыңыз.
Машинаға су құйылмай
тұр:
Су құятын шүмек жабық (түймешіктің 5 қызыл шамы
жыпылықтайды).
Су құятын шүмекті ашыңыз.
Су құятын түтік бұратылып немесе жаншылып қалған
(түймешіктің 5 қызыл шамы жыпылықтайды).
Су құятын түтіктің қосылымын тексеріңіз.
Су құятын түтіктегі немесе оның клапанындағы сүзгі бітеліп
қалған (түймешіктің 5 қызыл шамы жыпылықтайды).
Су құятын түтіктегі сүзгілерді тазалаңыз (Қосымша
ақпаратты
"Су құятын түтіктегі сүзгілерді тазалау"
тарауынан қараңыз).
Есік дұрыс жабылған жоқ (түймешіктің 5 қызыл шамы
жыпылықтайды).
Есікті нығыздап жабыңыз.
Машинаға су құйылады
да, дереу ағып кетеді:
Су төгетін түтіктің ұшы тым төмен орналасқан.
•«Суды төгу» бөліміндегі тиісті тармақты қараңыз.
Машинаның суы
төгілмейді жəне/немесе ол
айналмайды:
Су төгетін түтік бұратылып немесе жаншылып қалған
(түймешіктің 5 қызыл шамы жыпылықтайды).
Суды төгетін түтік қосылымын тексеріңіз.
Су төгетін сүзгі бітеліп қалған (түймешіктің 5 қызыл шамы
жыпылықтайды).
Су төгетін түтіктегі сүзгіні тазалаңыз.
Аяқталғанда су əлі де машина ішінде қалатын немесе
айналдыру циклдары орындалмайтын функция не
бағдарлама таңдалған.
Суды төгу не айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
Кірді таратып салыңыз.
Еденге су аққан:
Жуғыш зат тым көп не жарамайтын жуғыш зат (тым көп көбік
пайда болады) қолданылған.
Жуғыш заттың мөлшерін азайтыңыз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Су құятын түтіктің жалғастырғыштарының бірінен су ақпай
тұрғанын тексеріңіз. Су түтік арқылы төмен қарай
ағатындықтан, мұны көру оңай бола бермейді; оның дымқыл
болмауын тексеріңіз.
Су құятын түтік қосылымын тексеріңіз.
Су төгетін немесе құятын түтік бүлінген.
Оның орнына жаңасын салыңыз.
Тазалап болғаннан кейін сүзгі дұрыс бұралып салынбаған.
Сүзгіні шегіне дейін бұрап салыңыз.
20 electrolux
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52

Electrolux EWS86110W Instrukcja obsługi

Kategoria
Pralko-suszarki
Typ
Instrukcja obsługi
Niniejsza instrukcja jest również odpowiednia dla