Кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатқан кезде
бағдарламаны қайта орнату керек.
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны
біржола тоқтату
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Program түймешігін басыңыз.
3. Бейнебетте Жууды тоқтатайық па?
хабары көрсетіледі
4. Бағдарламаны біржола тоқтату үшін
шарлау түймешіктерінің біреуін басып
Тоқтату параметрін, немесе
бағдарламаны жалғастыру үшін
Жалғастыру параметрін таңдаңыз. Егер
бағдарламаны жалғастырғыңыз келсе,
құрылғының есігін жабыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
TimeBeam 0:00 және CLEAN параметрін
көрсетеді.
1. Қосу/сөндіру түймешігін басыңыз немесе
Auto Off функциясының құрылғыны
автоматты түрде сөндіруін күтіңіз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Маңызды
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан
кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал
келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін
үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен есігіне су
тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-
аяққа қарағанда тез салқындайды.
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС
8.1 Су жұмсартқыш
Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан
келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі
мүмкін минералдар өте көп мөлшерде
кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды
бейтарап етеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су
жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды.
Су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнатқан
маңызды. Бұл су жұмсартқыштың ыдыс
жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс
мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.
8.2 Тұз, шайғыш зат және жуғыш
затты пайдалану
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды,
шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.
Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
• Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат
ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай
құрғатуға көмектеседі.
• Аралас жуғыш таблеткалардың құрамында
жуғыш зат, шайғыш зат және басқа
қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын
жеріңіздегі судың кермектігіне сай
келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
Егер осы таблеткаларды судың басқа
кермектігі үшін пайдаланғыңыз келсе, ыдыс
жуғыш машина тұзын да пайдалану керек.
Әуелі Multitab функциясын іске қосыңыз,
содан кейін су жұмсартқышты өз
аймағыңыздағы судың кермектігіне
лайықтап орнатыңыз да, ыдыс жуғыш
машина тұзын пайдаланыңыз.
• Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш
заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып
қалмас үшін жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды
қолдануды ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың
орамындағы нұсқауларды қараңыз.
8.3 Аралас таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз келсе
1. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
ҚАЗАҚ 15