барабандарының арасына түсіп кетуі
мүмкін.
• Кір жуғыш машинаңызды қыл
өткізілген киім-кешек, жиегі
көмкерілмеген не материалы жыртық
заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
• Пайдаланып, тазалап не машинаға
күтім көрсетіп болған соң оны әрқашан
электр желісінен ағытып, суды
тоқтатып қойыңыз.
• Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз
жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары адамды жарақаттап не
машинаны елеулі ақаулыққа
ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Әрқашан тек фирмалық бөлшектерді
ғана пайдалануды талап етіңіз.
Орнату
• Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
• Құрылғы орауышын ашқанда, оның еш
жеріне нұқсан келмегенін тексеріп
алыңыз. Егер күмәндансаңыз, оны
пайдаланбай тұрып қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Пайдаланбас бұрын барлық
орауыштары мен тасымалдау үшін
қолданылған құралдарын алуыңыз
қажет. Бұл шара орындалмаған
жағдайда өнім мен басқа да
меншігіңізге елеулі нұқсан келеді. Осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы тиісті
тарауды қараңыз.
• Құрылғыны орнатып болған соң оның
су құятын және кір суды ағызатын
түтігінің басылып қалмағанын, қорек
сымының жұмыс алаңы мен қабырға
арасында қыстырылып қалмағанын
тексеріп алыңыз.
• Егер машина кілем төселген еденге
қойылса, ауа машинаның астыңғы
жағында еркін айналу үшін оның
сирақтарын бұрап лайықтап қойыңыз.
• Машинаны орнатқаннан кейін оның
түтіктері мен оларды жалғастырған
жерлерден еш су ақпай тұрғандығын
әрқашан тексеріп отырыңыз.
• Егер құрылғы мұздап қалатын жерге
орналастырылса, "мұздап қалудың
салдары" тарауын оқыңыз.
• Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс таза және кір су
құбырларына байланысты
жұмыстардың барлығын кәсіпқой
сантехник не білікті адам орындауға
тиіс.
• Осы құрылғыны орнату барысында
жүзеге асырылуға тиіс электр
саласына қатысты жұмыстардың
барлығын кәсіпқой электрші не білікті
адам орындауға тиіс.
Пайдалану
• Бұл құрылғы тек тұрмыста ғана
пайдалануға арналған. Бұны басқа
мақсатта пайдалануға болмайды.
• Тек ғана машинада жууға болатын
матадан жасалған заттарды ғана
жуыңыз. Әр киімнің затбелгісіндегі
нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыға шамадан тыс жүк
салмаңыз. Жуу бағдарламалары
кестесіне қараңыз.
• Кір жууды бастамас бұрын барлық
қалталардың бос екендігін тексеріп,
түймелер мен тартпалардың салынып
тұрғандығын тексеріңіз. Тозығы
жеткен не жыртық заттарды жуудан
сақ болыңыз және сыр, сия, тот, шөп
нілінен қалған дақтарды алдын ала
кетіріңіз. Сым өткізілген төс
тартқыштарды машинада жууға
БОЛМАЙДЫ.
• Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген
киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Егер буланатын
тазалағыш сұйықтар пайдаланылса,
киімді машинаға салмас бұрын
сұйықты кетіру шарасы жүзеге
асырылуға тиіс.
• Ашаны розеткадан қорек сымынан
тартып ағытпаңыз; әрқашан ашаның
өзінен ұстап тартыңыз.
• Қорек сымы, басқару панелі, жұмыс
алаңы не түбіне нұқсан келіп, ішкі жағы
ашық қалған кір жуғыш машинаны
ешқашан пайдаланбаңыз.
Балалардың қауіпсіздігі
• Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой
кемістігі бар, немесе осы құрылғыны
қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамның (соның
electrolux 3