- Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек
түпнұсқасымен ауыстыру керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Осы құралға қосымша берілген адаптермен ғана қолданыңыз.
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Қысқа тұйықтау болмау үшін, құралдың штепсельдік ұшына арналған
ұяға темір қосылған затты кіргізбеңіз.
- Бұл құрал тек әйелдер денесіндегі мойыннан төмен орналасқан
түктерді (қолтықтағы, бикини тұсындағы және аяқтағы) тазартуға
арналған. Оны басқа мақсатта қолдануға болмайды.
- Зақым мен жарақат алу жағдайларын болдырмау үшін,
құралдарды (қосалқы құралы орнатылған немесе
орнатылмаған) бастың шашынан, қастардан, кірпіктерден,
киімдерден, жіптерден, сымдардан, щеткалардан, т.б. заттардан аулақ
ұстаңыз.
- Алдын ала дәрігермен кеңеспестен, құрал мен түлеген тері
щеткасын тітіркенген теріге немесе қан тамырлары ісінген,
бөртпелері, дақтары, меңдері (түгі бар) немесе жарақаттары бар
теріге пайдаланбаңыз.
- Иммунитеті төмен, қант диабетімен, гемофилия немесе иммунитет
жетіспеушілігі синдромымен ауыратын адамдар да алдымен
дәрігермен кеңескені жөн.
- Гигиенаны сақтау мақсатында, құрал және түлеген тері щеткасын
тек бір адам пайдалануы керек.
- Сіз эпиляторды алғашқы рет қолданған кезде тері кішкене қызаруы
немесе тітіркенуі мүмкін. Бұл қалыпты көрініс және ол тез арада
жоқ болады. Құралды көбірек қолданған сайын теріңіз эпиляцияға
үйрене бастайды, тері тітіркенуі азайып, қайта өскен түктер жұқа
және жұмсақ бола бастайды. Егер үш күн ішінде терінің тітіркенуі
басылмаса, дәрігерге көрінгеніңіз жөн.
- Зақымданған немесе сынған эпилятор басын, қосалқы
құралдарды немесе түлеген тері щеткасын пайдаланбаңыз, жарақат
алу мүмкіндігі бар.
- Құралды тек 10°C және 30°C арасындағы температурада қолдануға
және сақтауға болады.
- Шу деңгейі: Lc = 76 дБ (A)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша
дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес, құрал
пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
13