Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтан басқаратын
бөлек жүйемен іске қосылуға арналмаған.
Өндіруші қосымша ескертпестен бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс
мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрастырылымына
енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Егер бұйым біршама уақыт 0°C-тан төмен температурада тұрған болса, оны тоққа қосар
алдында бөлме температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе
құжаттамада, XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап
шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫС
Бұл құрылғыны ет, құс еті, балық, шұжықшалар, көкөністер, саңырауқұлақтар, шауырма
және бутербродтар жасау үшін пайдалануға болады.
АЛҒАШ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Алғаш рет тоққа қосқан кезде жаңа қыздырғыш элементтерден өзіне тән иіс және шағын
көлемде түтін шығуы мүмкін. Бұл олардың ақаулығының белгісі емес. Дайындалған
тағамның бірінші үлесін тағамға пайдалануға болмайды.
Алғаш рет тоққа қосардан бұрын аспаптың ішкі жағын сары маймен немесе өсімдік
майымен майлаңыз.
Аспапты тоққа қосыңыз да, жабық күйінде 10 минут жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Аспапты тоқтан ағытыңыз да, ішкі жағын дымқыл таза шүберекпен абайлап сүртіңіз.
ДАЙЫНДАУ
Құрылғыны электр желісіне қосыңыз, қызыл қуат индикаторы жанады.
Құрылғы жұмыс температурасына жеткенде, жұмысқа дайындықтың жасыл индикаторы
жанады, сонымен қызыл индикатор қосулы қалады, демек, сізге пісіруді бастауға
болады. Жұмыс кезінде жасыл индикатор жанады және сөнеді, бұл қыздыру
температурасын тұрақты ұстап тұру үшін қыздыру элементінің қосылуын және өшірілуін
көрсетеді. Құрылғының жұмыс беттерінің температурасы 200±20оС.
Қақпақты ашып, рецепт бойынша дайындалған өнімдерді жұмыс беттеріне қойып,
қақпақты мықтап жабыңыз. Дайындықтың толық сипаттамасын сайттағы "Рецепттер"
бөлімінде немесе құрылғы қорабындағы QR-код бойынша өту арқылы алуға болады.
НАЗАР аударыңыз! Жұмыс кезінде құрылғының қақпағына тимеңіз, ол қатты қызады.
Пісіру уақыты өнімнің түріне, оның сипаттамаларына (температура, қалыңдығы,
мөлшері) және қуырудың қажетті деңгейіне байланысты. Ет пен балықтың әртүрлі
түрлері үшін бұл 7-10 минутты, көкөністер үшін 2-5 минутты құрайды.
Қажет болмаса, пісіру кезінде қақпақты көтермеңіз бұл қыздыру температурасын
төмендетеді.
Пісіру аяқталғаннан кейін қақпақты ашып, қалақшамен дайын өнімді алыңыз.
Жабыспайтын жабынға зақым келтірмеу үшін оған өткір металл заттарды
пайдаланбаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Сақтауға қояр алдында аспаптың электр желісінен ағытылып, әбден суығанына көз
жеткізіңіз.
Қырғыш қалақшамен жабысып қалған тағам кесектерін қырып алыңыз да, содан кейін
панельдерді дымқыл майлықпен сүртіңіз.
Құрылғының панельдерін, корпусын және ішкі бөліктерін тазалау үшін абразивті
материалдарды немесе металл жөкемен пайдаланбаңыз, себебі бұл жабыспайтын
жабынды зақымдауы және пластикті сырып алуы мүмкін.
Май жинайтын науаны өзіңізге қарай тартып алып шығыңыз. Оны жуып, құрғатып
сүртіңіз де, орнына қондырыңыз.
САҚТАЛУЫ
Аспаптың электр желісінен ағытылып, әбден суығанына көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ тарауының барлық талаптарын орындаңыз.
Аспапты ықшам күйінде сақтау үшін қақпағын жабыңыз да, жоғарыда суреттелгендей,
орнына бекітіңіз. Тігінен сақтау асүйдегі орынды үнемдеуге көмектеседі.